Accessibility links

Түркіменстанда Сапармұрат Ниязовқа мұражай ашылды


Ашғабадтағы Сапармұрат Ниязовқа орнатылған ескерткіш.
Ашғабадтағы Сапармұрат Ниязовқа орнатылған ескерткіш.

Түркіменстанның TDH мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент Гурбангулы Бердімұхамедов елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов атындағы мұражайды салтанатты түрде ашты. Агенттік ақпаратына қарағанда, 21 желтоқсанда өткен мұражайдың ашылуына үкімет пен парламент мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, ардагерлер, студенттер және Ашғабад тұрғындары қатысты.

11 жыл бұрын қайтыс болған тұңғыш президентті ұлықтау шарасы ел ауыр экономикалық дағдарысқа тап болған уақытта өтіп отыр.

Мемлекет басшысы ашылу салтанатында елде Сапармұрат Ниязовқа арнап құран оқылып, еске алу шаралары өткізіліп жатқанын айтты. Бірақ ол Ниязовқа көзі тірі кезінде берілген «Ұлы» және «Түркіменбашы» деген атағын қосып айтпады. Көп жыл бойы ресми түрде Низовтың «Түркіменбашы» атағымен қатар қолданылған «Ұлы» атағы да мемлекеттік БАҚ-та аталмады.

Ниязов қайтыс болғаннан кейін, оған арнап салынған барлық ескерткіштер алынып тасталды. Сонымен бірге Ашғабадтағы Бейтараптық қақпасында орналасқан 83 метрлік алтын жалатылған мүсіннің де көзі жойылды. Ниязовтың туыстарының атына берілген қала, аудан аттары да қайта өзгертілді.

Сапармұрат Ниязов Түркіменстанды 1985 жылдан 2006 жылға дейін басқарды.

XS
SM
MD
LG