Accessibility links

"Махаббат" тұрғындарына айыппұл салынды


"Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары сотта отыр. Астана, 10 қаңтар 2018 жыл.
"Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары сотта отыр. Астана, 10 қаңтар 2018 жыл.

11 қаңтар түнде Астанадағы арнайы ауданаралық әкімшілік соты "Махаббат" тұрғын үй кешені тұрғындарының ісін қарады. Сот 20 "ұсақ бұзақылық" жасады деген айыппен 20 "махаббаттық" тұрғынға 12 мың теңге айыппұл салды. Ал Светлана Шелгібаева бес күнге қамалды.

Бұл туралы Азаттыққа азаматтық белсенді Қайырлы Омар хабарлады.

"Махаббат" тұрғын үйінің дауы қалай басталды?

10 қаңтар кешкісін баспана дауына байланысты биліктен жауап ала алмай жүрген "Махаббат" тұрғындары Үкімет үйі алдына барған. Алайда кездесуге ешкім шықпаған. Наразыларды сол жерде полиция күшпен көлікке тиеген. Үкімет үйі алдында арнайы жасақ ұстап алып кеткен 21 əйел алдымен Астана қаласы, Есіл аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Астанада "Махаббат" тұрғындары жолды жаппақ болды

"Махаббат 1" және "Махаббат 2" кешені тұрғындарының баспана дауы басталғалы көп болды. Олардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын пәтерлердің бұрынғы қожайыны - «Агрофирма Қазэкспортастық» компаниясы тұрғындармен пәтерлерді «әуелі жалға береміз, кейін сатып аласыңдар» деп келісім-шартқа отырған. Кейіннен «тіркейміз» деген желеумен келісім-шарттарды жинап алған компания оларды тұрғындарға қайтарып бермеген. Тұрғындар пәтерлерін жалға алғаны үшін әуелде айына 25 мың теңгеден, кейін 40 мың теңгеден төлеп келгендерін айтады. Бірақ соңғы иелері пәтерді босатуды талап етіп, тұрғындардан ақша алуды тоқтатқан.

Өткен жылы және таяуда Астанада бұл кешендердің тұрғындары бірнеше рет қарсылық акциясына шыққан.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG