Accessibility links

ОҚО: Екпеден бас тартқандар көбейіп келеді


Роза Нұрмаханова, Шымкенттегі қалалық көпсалалы аурухананың балалар емханасы бөлімінің меңгерушісі. Шымкент, 14 мамыр 2018 жыл.
Роза Нұрмаханова, Шымкенттегі қалалық көпсалалы аурухананың балалар емханасы бөлімінің меңгерушісі. Шымкент, 14 мамыр 2018 жыл.

Мамырдың 14-і күні Шымкенттегі қалалық көпсалалы ауруханада екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын ұйымдастырылды.

Жиынға баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар шақырылғанымен, олардан аз ғана адам қатысты. Келген үш ата-ананың өзі мамандармен кездеспей кетіп қалды.

Аурухананың балалар емханасы бөлімінің меңгерушісі Роза Нұрмаханованың Азаттыққа айтуынша, емханаға жеті мыңға жуық бала тіркелген, олардың 35-інің ата-анасы екпеден бас тартқан. Олардың сексен пайызы діни сенімі бойынша бас тартады. "Екпеден бас тартатындар саны 2013 жылдан бері көбейді. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үйлеріне барамыз. Кейде есігін ашпайды. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда биыл бес бала қосылды" дейді бөлім меңгерушісі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, облыста 2018 жылдың наурыз айына дейінгі есеп бойынша 1231 ана-ана баласына екпе салдырудан бас тартқан. Олардың көбі - 2-5 жас аралығындағы балалар, алпыс пайыздан астамы - діни сеніммен бас тартқандар.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдыруға қарсы ата-ана көбейген

Ресми есеп бойынша, 2016 жылы республикада вакцина салдырудан бас тартқандар саны он мыңға жеткен. 2018 жылы олардың саны 13 мыңға жуықтаған.

XS
SM
MD
LG