Accessibility links

Ауғанстанда теракті құрбандарының саны 25 адамға жеткен


Ораза айының аяқталуын және уақытша бітімді атап өту үшін көшеге шыққан "Талибан" өкілдері мен жергілкіті тұрғындар. Жалалабад, Ауғанстан, 16 маусым 2018 жыл.
Ораза айының аяқталуын және уақытша бітімді атап өту үшін көшеге шыққан "Талибан" өкілдері мен жергілкіті тұрғындар. Жалалабад, Ауғанстан, 16 маусым 2018 жыл.

Ауғанстан билігі елдің шығысындағы Нангархар уәлаятында сенбі күні жасалған террорлық шабуылдан қаза тапқандар саны 25 адамға жеткені туралы хабарлады. Кеше мен үкіметтік күштік құрылымдар өкілдері Ораза айының аяқталуын және уақытша бітімді атап өтуге жиналған "Талибан" қозғалысы мен үкіметтік күштік құрылымдар өкілдері кездесуі кезінде жанкешті өзін жарып, кемінде 20 адамның мерт болғаны хабарланған.

Ауғанстан презденті Ашраф Ғани "Талибан" күштерімен арадағы атысты доғару режимі ұзартылатынын жариялап, оларды да бітімді созуға шақырған тұста жасалған шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы алған. Бұл туралы ИМ тобымен байланысы бар Amaq сайты хабарлаған.


Нангархар уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Атаулла Хогияни Азаттықтың Ауған қызметіне сенбі күнгі жарылыстан кемінде 54 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған. Олардың кейбірі өте ауыр халде жатыр деген Хогияни. Оның сөзінше, "Талибан" күштерінен қанша адам қазаға ұшырап, қаншасы зардап шеккені әзірше белгісіз.

Нангархар уәлаяты ИМ экстремистік тобының Ауғанстандағы тірек базасы саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG