Accessibility links

6 шілдеде "Демпартия" митингісіне қатысқан екі белсенді алты күнге қамалды


Полиция тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" жақтастарын қоршауға алып тұр. Алматы, 6 шілде 2021 жыл.
Полиция тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" жақтастарын қоршауға алып тұр. Алматы, 6 шілде 2021 жыл.

14 шілде кешке азаматтық белсенділер Абзал Достияров пен Әлімжан Ізбасаров "ұсақ бұзақылық" жасады деген айыппен ұсталып, алты күнге қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті алдына жиналған белсенділерге шыққан департамент бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов айтқан.

- Әкімшілік кодекстің 434-бабында көрсетілген "қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаны қорлағаны" үшін Абзал Достияров алты тәулікке қамау туралы сот қаулысы шықты, - деген Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Көп ұзамай Әлімжан Ізбасаровтың да алты тәулікке қамалғаны туралы хабарланды.

Полиция екі белсендіні 6 шілдеде Алматыда өткен митинг кезінде "арнайы жасақ өкілдерін қорлады" деп айыптаған. Ізбасаров пен Достияровтың жақтастары бұл айыппен келіспейді. Олардың сөзінше, керісінше арнайы жасақ 6 шілдеде белсенділерді кеттлингке алып, күш қолданған.

Полиция басшылығы белсенділерге "арыз жазыңыздар, тексереміз" деп қысқа қайырды.

6 шілде – Астана күні (бұл мереке елдің экс-президенті, билікке ықпал етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс тойланады) "Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ елдегі қымбатшылыққа, "Қытай жобаларына", билікке қарсы бейбіт митингіге шыққан. Сол күні оларды арнайы жасап он сағат бойы кеттлингте ұстап тұрған. Полиция мен белсенділер арасында кішігірім жанжал болып, бірнеше белсенді жедел-жәрдем шақырған.

Назарбаевтың туған күнінде өткен митингіде наразылар полициямен қақтығысты. Жараланғандар да бар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00

6 шілде күні "Демпартия" митингісіне келген үш адам ұсталған. Ырысбек Тоқтасын мен Дәурен Достияров "ұзақ бұзақылық" жасады деп 10 күнге қамалған. Ал қостанайлық Уәлихан Сұлтанов Алматы қаласындағы психикалық сауықтыру орталығына жатқызылып, бүгін, 14 шілде таңертең босатылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG