Accessibility links

Мазари-Шарифте "Талибан" қоқан-лоқысына қарамастан әйелдер наразылық өткізді


Плакат ұстап, адам құқығын талап етіп тұрған наразы әйелдер. Мазари-Шариф, 6 қыркүйек 2021 жыл.
Плакат ұстап, адам құқығын талап етіп тұрған наразы әйелдер. Мазари-Шариф, 6 қыркүйек 2021 жыл.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласында бір топ әйел құқықтарының сақталуын талап етіп, көшеге шықты.

6 қыркүйекте бір топ әйел қала орталығына жиналды. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан наразылардың "Әйел құқығын бұзу = Адам құқығын бұзу", "Біз барлық деңгейде саясатқа араласқымыз келеді" деген жазуы бар плакат ұстап, ұрандап тұрғаны байқалады.

Наразылықты ұйымдастырушылардың бірі Шакурих Рахими Азат Еуропа/Азаттық радиосына берген сұхбатында "Талибан" содырларының оқиғадан хабар таратуға тырысқан журналистерге бөгет жасап, кейбірін ұрып-соққанын айтты.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шараға қатысқандардың кейбіріне "Талибан" жасағы қоқан-лоқы көрсетіп, намысын қорлайтын сөздер айтқан.

Әскери топ оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.

Осыған дейін әйелдер құқығы мен теңдігі, әділдік пен демократияны талап еткен наразылық акциясы Кабул мен елдің батысындағы Герат қаласында өткен болатын.

Қарай отырыңыз: Кабулда ауған әйелдері наразылыққа шықты (4 қыркүйек 2021 жыл).

Кабулда ауған әйелдері наразылыққа шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:30 0:00

"Талибан" Ауғанстанның басым бөлігін үш апта бұрын басып алған, бірақ әзірге жаңа үкімет құрылғанын хабарламады.

"Талибан" қозғалысы 1996-2001 жылдар аралығында Ауғанстанды шариғаттың қатаң заңдарымен басқарған еді. Он жастан асқан қыздар мен әйелдерге оқуға, жұмыс істеуге, күйеуінсіз немесе күйеуінің туыс ер адамынсыз көшеге шығуға тыйым салып, пәренжі киюге міндеттеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG