Accessibility links

Алматыда коронавирустың "Дельта плюс" штамы анықталды


Жандарбек Бекшин.
Жандарбек Бекшин.

Алматыда коронавирус геномына секвенирлеу жасалғаннан кейін "Дельта плюс" штамы анықталды. Бұл жөнінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

"Күрделі әдіс арқылы анықталады. Бүгін ғана соңғы секвенирлеу сынағының нәтижесі қолымызға тиді. Алты үлгіден "Дельта плюс" штамы анықталды. Осыған дейін ол қалада болмаған, тек болуы мүмкін деген күдігіміз болған" деді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Дельта плюс" – коронавирустың үнділік "Дельта" вариантының бір түрі. Ол алғаш рет маусым айында анықталған. Ақпаратқа қарағанда, коронавирус мутациясы антидененің белсенділігін төмендетіп жіберуі ықтимал.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардан диарея белгілері көп байқалса, қараша мен желтоқсанда нейротоксикалық белгілер жиі көрінген.

Қалалық бас санитар дәрігердің сөзіне қарағанда, қазір Алматыда ұжымдық иммунитет деңгейі 58, 4%-ға жеткен. Мақсат бұл көрсеткішті 80 %-ға жеткізу.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG