Accessibility links

Алматыда сот Рысбек Сәрсенбайұлына айыппұл салды


Рысбек Сәрсенбайұлы.
Рысбек Сәрсенбайұлы.

Алматыда сот оппозициялық саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын "рұқсатсыз митинг ұйымдастырды" деп айыптап, 120 мың теңге (35 АЕК) айыппұл салды.

9 сәуірде Алматыда бір топ саясаткер мен белсенді 19 наурыздағы парламент сайлауын әділетсіз деп, митинг өткізген. Митингіге билік рұқсат етпеген.

"Халық парламентінің" рұқсат етілмеген митингісі екі сағатқа созылып, ондаған адам еркін тарқады
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:09 0:00

Бұған дейін сайлау нәтижесіне қарсы бейбіт митингіге шыққан саясаткер Мұхтар Тайжан, журналист Лұқпан Ахмедияров пен белсенді Әлнұр Ілияшев, белсенді Асылбек Қараев та 15 тәулікке қамалған.

Рысбек Сәрсенбайұлы, Мұхтар Тайжан, Лұқпан Ахмедияровтар мәжіліс сайлауына тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан. ОСК жария еткен нәтижеге сай, олар мәжіліске өте алмаған. Тәуелсіз кандидаттар дауыс санау кезінде заң бұзылғанын айтып, сайлау нәтижесін мойындамаған еді. Өзін-өзі депутаттыққа кандидат етіп ұсынған кейбір адамдар "Халық парламенті" тобын құрған.

Қазақстан билігі дауыс беру және дауыс санау кезінде заң бұзу болғанын мойындағанымен, бұл фактілер қорытынды нәтижеге әсер етпеді деген. ОСК жариялаған ресми нәтиже бойынша, мәжілістегі басым орынды биліктегі "Аманат" партиясы иеленген.

Қазақстанда жұрт бейбіт митингіге шығу үшін әкімдіктен рұқсат алуы керек. Билік белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бере бермейді. Ал рұқсат етілмеген бейбіт митингіге қатысқандар жиі жазаланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG