Accessibility links

Орталық Азия қалалары су ресурстарын тиімсіз басқарудан зардап шегіп отыр


Ескі құдықтан суды есекке артып алған автокөлік дөңгелегінің ескі камерасына құйып, үйіне тасып жүрген бала. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы. 30 сәуір, 2020 жыл.
Ескі құдықтан суды есекке артып алған автокөлік дөңгелегінің ескі камерасына құйып, үйіне тасып жүрген бала. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы. 30 сәуір, 2020 жыл.

Орталық Азия елдерінің басшылары мұздықтардың еруі мен жауын-шашынның азаюы мәселесін шеше алмайды. Бірақ ресурстарды дұрыс басқару халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірдегі су дағдарысының алдын алуы мүмкін.

Қырғызстан астанасы Бішкектің шетінде тұратын зейнеткер Ажар Аманова су тапшылығынан әбден шаршаған. Ол тұратын Арча-Бешик ауданы күніне бір рет цистернамен келетін өлшеулі суға қарап отырғанына аптадан асты.

Бұл су ыдыс жуып, шөл басуға ғана жетеді. Жуынуға жетпейді.

7 маусымда Аманованың үйіне журналистер барғанда, далада 35,6 градус ыстық еді.

Жаз шыққалы Қырғызстан астанасы Бішкекте тұрғындар су тапшылығын сезініп отыр.
Жаз шыққалы Қырғызстан астанасы Бішкекте тұрғындар су тапшылығын сезініп отыр.

Қырғызстан парламентіндегі бірнеше депутат миллионнан астам халқы бар қаладағы су құбырлары ескіргенін айтып, үкіметті жаңа инфрақұрылым салып, жөндеу жүргізуге баса назар

Өткен аптада Бішкекте төрт күн қатарынан ең жоғарғы температура тіркелді. Мұндай аптап ыстық соңғы рет өткен ғасырдың басында болған.

– "Қырғызстан – суға бай мемлекет" дейді. Байлығы қайда? Не өмір мынау? Шенеуніктерге айт, суды қоссын! – деді зейнеткер "Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында.

Ғаламдық жаһандану салдары Бішкекке ел күткеннен ерте жететін сияқты. Халық қазірдің өзінде "билік жерасты суларын дұрыс басқара алмайды, жазда су көлемі күрт азайып кетеді" деп шағынып отыр.

АСТАНА МЕН АҚТАУДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ

Өткен аптада Қазақстан астанасында жергілікті ақпарат құралдары қымбат Экспо ауданына цистернамен су апара жатқан көліктің суретін жариялады.

Бұл сурет талай имидждік жобаларға қыруар инвестиция құйылған қаладағы су тапшылығы мәселесінің тереңдігін көрсетеді.

Астанада суды өшіруге қарсы наразылық өткен айда басталған. Өткен аптада көпқабатты екі үйдің тұрғындары аптап ыстық кезінде сусыз отырғанын айтып, жолды жапты.

Су сұраған Астана (7 маусым, 2023 жыл)

Су сұраған Астана
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

Ызалы халықтың алдында сөйлеген билік өкілі "Менің отбасым да түнде су бірнеше сағатқа берілгенде ғана жуынып жүр" деп ақталды.

Астанада 1,3 миллион адам тұрады. Қаладағы халық саны жыл сайын 50-60 мыңға артады. Ал тұрғындарды сумен қамтып отырған инфрақұрылым мұндай жүктемеге дайын емес.

Әкімдік қала халқы тез өсіп жатқанын айтып, тұрғындар санымен бірге арта түскен сұранысты өтеу үшін су соратын және сүзгілейтін жаңа станциялар салуға уәде берді.

Жыл сайын жазда су тапшылығынан зардап шегетін қалалардың бірі – Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы. Қала суды Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей мен Түркіменстан бірлесіп пайдаланатын Каспий теңізінен алады.

Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау қаласы. 29 шілде, 2021 жыл.
Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау қаласы. 29 шілде, 2021 жыл.

7 маусымда Ақтау әкімдігі Каспий теңізі тартылып жатқанын, су деңгейі қатты төмендеп, жағалаудан алыстап кеткенін айтып, төтенше жағдай жариялады. Бірақ әзірге қалада ауызсу мәселесі жоқ. Ал Ақтауда су беру тоқтағаны жазғы жөндеу жұмыстарына байланысты болған.

Практик экологтер қауымдастығы құрылтайшыларының бірі Гүлмира Ниетқали Каспий теңізіне көп салмақ салынуына географиялық, саяси, әлеуметтік және климаттық факторлар себеп дейді. Кейінгі жылдары теңізге құятын өзен суы азайып, өнеркәсіп кеңейіп, жаздың ыстық болуынан судың булану деңгейі артқан.

Совет Одағы кезінде уран өндірісімен айналысқан Ақтау қаласында су тұтыну мәселесі өзекті.

– Халықтың табысы артқан сайын, су тұтыну мөлшері де артып келеді. Мәселен, тұрғын үйлерге арналған таза ауызсуды көлік жууға пайдаланатын орындар бар. Бұл мәселені көптен бері көтеріп келе жатырмын, – дейді Гүлмира Ниетқали.

Сарапшының сөзінше, жергілікті билік су бағасын көтерсек, наразылық өрті тұтанып кетуі мүмкін деп қорқады.

БІШКЕКТЕГІ ШЕКТЕУЛЕР

Қырғызстан астанасы Бішкекте көлік жуатын орындар, моншалар мен бассейндер жабылған.

Үкімет жеке үйлерде бау-бақша суғаруға да тыйым салған. Билік шектеулердің бұзылмауын қадағалау үшін тексеріс жүргізіп тұрады.

Осы айда Бішкектің оңтүстігіндегі үйлерге су түнгі уақытта ғана берілді.

Бішкекте көлік жуатын орындар, моншалар мен бассейндер жабылып, билік жеке үйлерде бау-бақша суғаруға да тыйым салған.
Бішкекте көлік жуатын орындар, моншалар мен бассейндер жабылып, билік жеке үйлерде бау-бақша суғаруға да тыйым салған.

Қырғызстан парламентіндегі бірнеше депутат миллионнан астам халқы бар қаладағы су құбырлары ескіргенін айтып, үкіметті жаңа инфрақұрылым салып, жөндеу жүргізуге баса назар аудару керек деді.

8 маусымда депутат Жанарбек Ақаев үкімет мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын корпорацияларға ғана ақша бөледі (тау-кен саласындағы осындай кәсіпорындардың бірі жабылып қалды), ал Бішкек "үлкен ауылға" айналып барады деді.

Тағы бір депутат Марлен Маматалиев министрлер кабинеті Бішкек билігі су жинайтын нысандарға төрт жер учаскесі мен 100 миллион сом (1,2 миллион доллар) бөлу туралы өтінішін созбаққа салып жібергенін сынады.

– Кеше ғана инвестицияға 10 миллиард сом бөлуге келістік. Сонда 100 миллион сом табылмай ма? – деді депутат.

Шенеуніктер биыл көктемде мұздықтардың баяу еруі жерасты суларының азаюына себеп болды дейді. Олар бір ай ішінде жағдай өздігінен қалыпқа келеді деп үміттенеді. Экологтер ақпан-наурыз айларында жауын-шашын аз болғанын алға тартады.

Су тапшылығы мәселесі Орталық Азияның басқа өңірлерінде де кездеседі.
Су тапшылығы мәселесі Орталық Азияның басқа өңірлерінде де кездеседі.

Кей бақылаушылар астанадағы су тапшылығын басқару мәселесімен байланыстырады.

Журналист Юрий Копытин 24.kg сайтына берген пікірінде "суға қатысты мәселелер кеше пайда болған жоқ, жылдар бойы қордаланып келді" дейді.

"Әдеттегідей шенеуніктер әуелі жағдайды ушықтырып, кейін оны тиімсіз әдістермен шешуге тырысады" деп жазды Копытин.

Су тапшылығы мәселесі Орталық Азияның басқа өңірлерінде де кездеседі. Өзбекстанның бау-бақша өсірумен айналысатын, суды көп қажет ететін ауылдары да тапшылықты сезініп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG