Қазан қаласының Совет аудандық соты 1 ақпанда Азаттық радиосы Татар-башқұрт қызметінің журналисі Алсу Құрмашеваны тұтқындау мерзімін 5 сәуірге дейін созу туралы шешім шығарды. Сот осы жөніндегі тергеу өтінішін қанағаттандырды. Бұл жөнінде Азаттықтың Idel.Realii сайты хабарлады. Журналист 2023 жылғы қазаннан бері уақытша қамау изоляторында отыр.
Сот отырысы жабық режимде өтті, журналистер тек шешімді оқу кезінде ішке кіргізілді, ал сотқа келген басқа адамдардың кіруіне мүлде рұқсат берілмеді. Сотқа Австрия, Чехия және Нидерланд елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Алсу Құрмашеваның адвокаты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Журналист Ресей Қылмыстық кодексінің екі бабын бұзды деп айыпталады. Тергеушілер пікірі бойынша, ол өзін "шетел агенті" тізіміне қосу жөнінде құжат тапсырмаған және Ресей армиясы туралы "жалған ақпарат таратқан". Екінші айып бойынша тергеушілері оны 2022 жылдың күзінде Idel.Realii редакциясы таныстырған "Соғыс тоқтасын. Украинаға шабуылды айыптайтын 40 ресейліктің оқиғасы" деген кітапты таратты деп санайды.
Алсу Құрмашева – АҚШ-тың және Ресейдің азаматы.
Азат Еуропа/ Азаттық радиосы президентінің міндетін атқарушы Стивен Капус сот шешіміне байланысты былай деп мәлімдеді:
"Ресей билігі заңсыз ұсталған Алсу Құрмашеваны қылмыстық қудалаумен айналысып жатыр, біз бұл әрекетті айыптаймыз. Оны тек америкалық журналист болғаны үшін ғана түрмеге қамап, әділетсіз түрде тергеп жатыр. Енді оның түрмедегі мерзімін тағы да созды.
Халықаралық журналистік және құқық қорғау ұйымдары мен дипломаттар Алсуды қорғап жатыр. Азат Еуропа/ Азаттық радиосы бүгінгі тыңдауға өкілдерін жібергені үшін Еуроодақ елдеріне алғыс айтады".
Капус АҚШ мемлекеттік департаментін Алсу Құрмашеваны "заңсыз қамалған" деп ресми түрде тануға шақырды. Бұдан бұрын Ресейде ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалған америкалық журналист Эван Гершковичті мемлекеттік департамент "заңсыз ұсталды" деп таныған.
"Ресей Алсудың тағдырына толық жауапты. Ол дереу босатылып, зарыға күткен жақындарының қасына бірден жіберілуі керек" деп мәлімдеді Капус.
Ұсталғанға дейін Алсу Құрмашева Прагада бала-шағасымен тұрған. Былтыр мамырда ол отбасы жағдайымен туған қаласы – Қазанға бірнеше күнге барған.
18 қаңтарда тергеу изоляторынан жазған хатында Алсу былай деген:
"Осындай кезде өз үйіме (!) келген батырлығыма қызыға қарайсыз. Бірақ біз дәл қазір өмір сүріп жатырмыз, "басқа уақытымыз" болмайды. "Уақыт" болуын болар-ау, бірақ дәл қазір көмекке зәру жақындарымыздың кейбірі болмауы мүмкін. <…> Мен өз отбасым үшін – кішкене балаларым мен қарт анам үшін жауаптымын".
2023 жылғы 2 маусымда Ресейден ұшып кетпек болған Алсуды Қазан әуежайында полиция ұстады. Оның АҚШ және Ресей паспорттарын тәркілеп, бірнеше күннен соң екінші азаматтығы туралы хабарламағаны үшін үстінен іс қозғады. Тергеушілер журналисті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен елде қалдырды. Бұл істі тергеу бірнеше айға созылды. Тек қазан айында сот оны айыпты деп тауып, 10 мың рубль айыппұл салды.
Үкім шыққаннан бір апта өткенде, яғни 18 қазанда, журналисті тағы да ұстады. 11 желтоқсанда Құрмашеваға "фейктар" туралы заң бойынша айып тақты.
25 қаңтарда Алсудың қамауда отырғанына 100 күн болды. Сол күні Азат Еуропа/Азаттық радиосы президентінің міндетін атқарушы Стивен Капус "бір қапаста ұстаудың өзі – трагедия, ал ол 100
Батыс елдерінің үкіметтері, халықаралық ұйымдар құқық қорғау ұйымдары, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары және басқа да саясаткерлер сынға алды.
ПІКІРЛЕР