Accessibility links

Украина тұтқынға түскен Ресей сарбаздарын туыстарына қоңырау шалу мүмкіндігінен айырды


Украинада тұтқында отырған Ресей әскерилері енді үй ішімен телефонмен тілдесе алмайды. Бұл туралы Украинаның ұлттық телемарафон эфирі кезінде Жоғарғы раданың адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец хабарлады.

Лубинецтің сөзінше, бұл шешімге Ресейде тұтқынға түскен Украина әскерилеріне қатыгездік көрсету көбейгені себеп болған. Омбудсмен Женева конвенциясы талаптары бойынша ресейлік тұтқындар жақындарына хат жаза алады деді.

Бұған дейін Украина министрлер кабинеті тұтқындағы Украина азаматтарының туыстары қол жинаған петицияны қабылдамады. Олар петицияда ресейлік тұтқындарға үй ішіне хабарласуға тыйым салуды талап еткен, өйткені Ресей тұтқынға түскен адамдарға мұндай құқық бермейді. Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль ресейліктер тұтқынға түсуден қорықпауы үшін телефон қоңырауларын маңызды деп санайтынын айтты.

  • Маусымда Ресей президенті Владимир Путин Украинада 1348 ресейлік, ал Ресейде 6465 украин тұтқында отыр деп мәлімдеген.
  • Тамызда Украина қарулы күштері Курск облысына басып кіргелі жүздеген ресейлік сарбаз тұтқынға түскен, олардың көбі – мерзімді әскери қызмет атқарып жүргендер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG