Қазақстан конституциясының 42-бабының 1-тармағы
Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуірдің 8-і өткен инаугурацияда берген анты (сөзбе-сөз жазбаша нұсқасы)
«Қазақстан халқына адал қызмет істеуге, Қазақстан республикасыменен [конституциясы] оның заңдарын қатал сақтауға, азаматтардың құқықтарыменен бостандығына кепілдік беруге, Қазақстан республикасының [президентінің] өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал орындауға салтанатты түрде ант етемін».
Президент Назарбаевтың ант беру сөзінде 1) «қызмет етуге» тіркесі «қызмет істеуге» болып өзгереді; 2-3) «менен» жалғауы екі рет артық қосылады, 3-4) «конституциясы» және «президентінің» сөздері түсіп қалады; 5) «қатаң сақтауға» тіркесі «қатал сақтауға» болып кетеді; 6) «бостандықтарына» сөзі жекеше түрде «бостандығына» болып айтылады; 7) «республикасы» сөзіне ілік септігінің «ның» жалғауы артық жалғанады және 8) «адал атқаруға» тіркесі «адал орындауға» болып өзгереді.