Бұл ауруға шалдыққандардың орташа жасы 67 болғанымен, олардың 29 пайызы еңбекке қабілетті 60 жасқа дейінгілер. Ресми деректерге жүгінсек, әйелдердің 60, ер азаматтардың 40 пайызы инсультқа душар болады. 79 жастағы Жұматай Тұрыскелдиев 2006 жылдың наурыз айында инсульт алыпты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ақтұмар ауылының тұрғыны Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында осымен екінші жыл ем қабылдап жатыр:
- Жығылып қалдым. Содан бері оң жақ аяғым мен қолым істемейді. Жылда ауруханаға келіп қараламын. Емделгеннің арқасында қолым кішкене икемге келді. Жұмыс істеуден қалдым. Керек десеңіз шыны көтере алмаймын. Жүйке жүйеме зақым келген сияқты. Болмаса қан қысымым қалыпты. Білмеймін неден болғанын.
- Жығылып қалдым. Содан бері оң жақ аяғым мен қолым істемейді. Жылда ауруханаға келіп қараламын. Емделгеннің арқасында қолым кішкене икемге келді. Жұмыс істеуден қалдым. Керек десеңіз шыны көтере алмаймын. Жүйке жүйеме зақым келген сияқты. Болмаса қан қысымым қалыпты. Білмеймін неден болғанын.
Мамандардың айтуынша, жүрек, қан тамыры, қант диабеті ауруларының әсері мидың тамырына зақым келтіреді. Аурудың ақыры адамдардың 80-90 пайызын мүгедектікке әкеліп соқтырады.
- Инсультқа шалдыққан адам бірінші кезден бастап өз денсаулығын қолына алып, емделмесе өмір бойы мүгедек болып қалу қаупі бар. Оның ең бастапқы емі - аурудың алдын-алу. Қан қысымын көтермеу, шылым шекпеу, толып кетпеу, уақытымен тамақтану, түнде дұрыс ұйқыны қалыптастыру, жүрек ритмінің бұзылмауын қадағалау, сапалы өмір сүруге дағдылану. Сондай-ақ, жылына бір рет дәрігерге барып тексерілу шарт. Осыларды қолға алмаған жағдайда инсультқа әрбір адамның шалдығуы мүмкін, - дейді қалалық орталық клиникалық аурухананың жүйке аурулар бөлімінің меңгерушісі Әлима Жанықұлова.
Cондай-ақ маман, инсульт дертінің халық арасында кең тараған түріне тоқталды:
- Инсульттің геморрагиялық және ишемиялық түрі болады. Геморрагиялық түрі өмірге өте қауіпті. Уақытылы көмек берілмесе адамдардың 50-60 пайызы өліп кетуі мүмкін. Ал ишемиялық инсультте сәл одан аздау болады. Оның 15-20 пайызы осы ауру түрінен көз жұмады. Инсультқа ұшырағандардың 8 пайызына алғашқы 3 сағатта ем көрсетілуі керек болса, 5-6 пайызына осы уақыт аралығында көмек берілуі тиіс. Ал жеңіл түріне ұшыраған 80 пайызына 2-3 күннің ішінде көмек көрсетуге болады.
Дәрігер Салтанат Каменова жылына инсультқа шалдыққан 4 мың адамның 20 пайызы бұл ауру түрімен өмір бойы күресіп өтетіндігін айтады:
- Алматыда 1 миллион халық болса, жыл сайын 3900-ге жуық адам инсультпен ауырады. Оның жартысы бірінші жылы көз жұмады.
Мамандардың айтуынша, дүниежүзі бойынша аталмыш аурудың қатерлі түрі ишемиялық инсультқа жылына 15 миллион адам шалдықса, оның 6 миллионы осы аурудан қайтыс болып, 5 миллионы мүгедек болып қалады екен.