Бұл жерде археолог-ғалым Серік Әжібай бастаған топ 2001 жылдан бері зерттеу жүргізуде. Содан бері осы төңіректе хан жатқан қорым болуы мүмкін орындар картаға түсірілген. Әзірше хан сүйегін қазу жұмыстары басталған жоқ.
1748 жылы тамызда қастандықпен өлтірілген Әбілқайыр ханның сүйегі осы қорымнан табылса, Ақтөбе облысының қаржысымен «Хан моласына» кесене тұрғызылмақшы. Тарих ғылымдарының докторы, археолог Серік Әжібай қорым төңірегін түгел зерттеуге екі жыл уақыт керектігін айтады.
Ақтөбе мен Торғай жерінің елсіз даласындағы адам аяғы баспаған қорымға осы күнге дейін не ғалымдардың, не биліктің көзі түспеген. Осы жерде қаз-қатар жатқан 942 төмпешіктен тұратын қорымды жергілікті тұрғындар «Хан моласы» деп атайды.
Жазушы Әбіш Кекілбайдың айтуынша, оған 1979 жылы жергілікті тұрғындар Әбілқайыр ханның қаза тапқан жері ретінде осы төңіректі көрсетіпті.
«Жол бетіне таяу басқалардан оңаша жатқан бейіт Әбілқайырдікі деп айтқан екі кісі болды. Бірақ 90-ға жеткен екі қарт өз аяқтарымен келе алмады да, басқалары келіп көрсетті. Байназар, Рамазан деген шалдар мынау Әбілқайырдікі деп зираттың солтүстік-шығысындағы орынды айтты. Сол кезде алыстан көзге түсетін биік жарқабақ еді. 30 жыл ішінде қатты өзгеріп, жермен бірдей тегістеліп кетіп бара жатыр екен», - деді Әбіш Кекілбай.
Орынбор губернаторы Н.Неплюевтің саяси ойындарының құрбаны болған Әбілқайырды Барақ сұлтан Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын сағасында тосып алып өлтірді деген деректер Ресей мұрағаттарында сақталған.
Ең негізгі сүйенетін айғақ – патша шенеунігі, Орынбор губернаторының зерттеу тапсырмаларын орындаған Николай Рычковтың жазбалары дейді зерттеушілер. Рычков 1771 жылы жазылған жарияланымдарда Әбілқайыр ханның әулеті, ол жерленген мекенге байланысты сипаттамалар берген.
Осы сипаттамалардың негізі – Қабырға мен Өлкейек өзендерінің құйылысы, хан жерленген қорым жанынан өтетін екі тарам жол, оқшау жатқан бейіт басында өсіп тұрған жалғыз ағаш жергілікті адамдардың айтқандарымен сәйкес келеді.
Жергілікті тұрғындар хан басындағы алып бәйтеректің түбі 1950 жылдарға шейін сақталғанын айтады. Осы төңіректің тұрғындары екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін «Хан моласына» келіп жүріпті. Алайда, одан кейінгі жылдары Әбілқайыр есімі біртіндеп ұмытыла бастаған, тек жалғыз-жарым адамдар ғана есте ұстаған.
«Хан моласы» деген атауды көбіне Әбілқайыр ханның жақын серіктерінің бірі Жәнібек батырдың соңынан ерген арғын, қыпшақ руларының қарттары есте ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.
Осы маңға жақын саналатын елдімекендер – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарайтын Толыбай және Аққұм ауылдары. Осы екі ауыл мен «Хан моласының» арасы 90 шақырым. Ал қос ауылға қарағанда, бұрынғы Торғай облысы Жангелдин ауданының Миялы елдімекені одан да жақынырақ – «Хан моласымен» арасы 35 шақырым.
1979 жылдан бері «Хан моласына» екінші рет келіп тұрған Әбіш Кекілбай зерттеу жұмыстарын тездету қажеттігін айтады. Себебі, табиғат өзгерісімен осы төңірек жер бетінен жоғалып, енді 10 шақты жылдан соң қорымнан із де қалмауы мүмкін дейді ол.
Осыдан отыз жыл бұрын биік жарқабақ болды деген жер қазір аласа ғана төбешікке айеналған, оның үстіне, жер асты суы жыл сайын көтеріліп келеді екен.
– Ең басты назарға ұсталынатын басы ашық жағдай – Әбілқайыр ханның осы төңіректе өлтірілгендігі және және осы жерде жерленгендігі, – дейді Әбіш Кекілбай.
Ресейдің Орынбор қаласынан келген топырақтанушы ғалымдардың көмегімен Әбілқайыр хан басында өсіп тұрған зәулім бәйтеректің жер астында қалған тамырын іздеу жұмыстары жүргізілген.
Металл іздегіш құралдар арқылы темірі бар зираттарды бөлек даралайды. Осы жұмыстардан кейін ғана қазу жұмыстары басталмақшы. Егер хан сүйегі табыла қалса, оны зерттеуге Мәскеудің Герасимов атындағы антропологиялық институтына жібермек.