Ұйым сарапшылары іскерлік операцияларын доллармен жүзеге асыратын инвесторларға активтерін алып шығуға кеңес береді.
БҰҰ-ның 2009 жылға арналған болжамында доллардың ұзақ мерзімдік бағыты – құлдырау деп атап көрсетілген. Доллардың осы жылдың күзіндегі нығаюы, ұйым сарапшыларының пікірі бойынша, қаржы дағдарысы жайлап бара жатқан тұста инвесторлардың әлемнің басты резервтік валютасына «қауіпсіздік » үшін көшуіне байланысты болған.
-АҚШ тың 2008 жылдың соңындағы қарызы — 2,7 триллионға жетуі (2007 жылы ол 2,5 трлн долл. болған) — ғаламдық дисбаланстың бей-берекет теңгерілуі және доллардың шұғыл құлдырауы - басты қауіп- қатерді туғызып отыр, - деген БҰҰ есебінен үзіндіні "Файнаншл таймс" газеті келтірген.
Инвесторлар долллармен белгіленген активтердегі қаржыларын алып шығады да, содан барып АҚШ-тың экономикасын "құзға" қарай тарта түседі, сол себепті әлемдік экономиканың 2009 жылдағы өсуі бұл жағдайда базалық болжамнан 1% төмендейді деп болжануда.
Дат экономисі, БҰҰ-ның саяси талдаулар департаментінің бөлімше директоры Роб Вос егер үкіметтің дем беруші шешімдері толық жұмыс істесе, ғаламдық экономика қаржылай «ауруды» бастан жеңіл кешірер еді деп есептейді. Ол:
- Қолдау бағытындағы көптеген өзгертулер енгізіліп, нақты әрекеттер жасалып жатыр, - деді Financial Times газетіне берген 2 желтоқсандағы сұхбатында.
Сонымен бірге ол АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обаманың инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды қолдау үшін қаржы бөлінeді деген мәлімдемесін құптайтынын айтты.
Дегенмен де өзге де ұйымдардың сарапшылары БҰҰ-ның доллардың құлдырауы туралы жасаған болжамымен келісіп отыр. Алайда олар оның құлдырау деңгейі қаншалықты болатынын білмейтіндерін де ескертті.
- 2009 жылы АҚШ-тағы ставка басқа елдерге қарағанда төмендеу болады. Бюджет тапшылығы артуы мүмкін, егер инвесторлар доллармен сирегірек жұмыс істесе, онда ол құлдырауы мүмкін, -дейді РБК daily басылымына Credit Suisse ұйымының валюталық стратегі Маркус Хеттингер.
Десек те, алда доллардың қысқа мерзімдік нығаю мүмкіндігі болады деген де пікір бар.
- Бірақ оның құлдырауына әсер ететін факторлар жектілікті. Ең алдымен бұл 2009 жылдың басында АҚШ тың экономикасын тұрақтандыру үшін жасалатын шаралар жүргізілгеннен кейін, өсе түсетін АҚШ-тың бюджет тапшылығына байланысты,- дейді Deutsche Bank-тың Ресейдегі сарапшысы Ярослав Лисоволик. Ол бір жылдан соң американдық валюта 1 еуроға шаққанда 1,38 доллар болып бағаланады, оның қатты құлдырауынан Еуропадағы ставканың төмендеуі ғана құтқаруы мүмкін деп атап көрсетеді.
Сарапшылар сонымен бірге доллардың арзандауы ең алдымен, қорларында американдық доллар басым болып отырған дамушы елдерге соққы болуы мүмкін деп жорамалдайды.
Талдаушылар Қазақстанда американдық долларға балама болатын басқа негізгі әлемдік валютаны көріп отырған жоқ. Атап айтқанда бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сайденов "Мегаполис" газетіне берген сұхбатында айтты:
- Доллар бағамының тұрақсыздығына қарамастан, жақын болашақта доллар бұрынғысынша әлемдік валюта болып қала бермек.
Ол сонымен бірге, бұл жерде әңгіменің алдағы бесжылдық жөнінде екеніне баса назар аударды.
«Долларды жекелеген мемлекеттердің валютасына айналдыруға немесе оған балама боларлық аймақтық валютаны жасап шығаруға тырысу - ұзаққа созылып кетер еді. Сіздер еуроның екінші әлемдік валютаға айналуы үшін қаншалықты ұзақ мерзім қажет болғанын білесіздер ғой», -деді Ұлттық банктің басшысы.
Әнуар Сайденов 2008 жылдың соңына дейін Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай тұрақты болады деп жорамалдайды.
-Елдегі жалпы төлемдік баланстың жағдайын болжауға болады. Жалпы төлемдік баланс оң сипатта,- деді ол.
Ұлттық банктің басшысы сонымен бірге доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмен боларлық себеп жоқ екенін айтады:
-Бұлай болатындай ерекше себеп көріп тұрғаным жоқ. Сыртқы нарықта доллар тұрақты, нығайып келеді. Бір жағынан, доллардың сатылуы жыл соңында жүреді, бұл салық төлейтін кезең, сондықтан экспорттаушылар долларды сата бастайды. Біз қарашадағы жағдайды көріп тұрмыз, қазір де валюта саудасы жүріп жатыр.