Атап айтқанда Мемлекет басшысы әлемдік дағдарыстың ұзаққа созылатындығын және оның әсерінен саяси басқару өзгеруі мүмкін екендігін ескерте келе, бұқаралық ақпарат құралдарын көңіл- күйді орнықтыратын материалдарды жиі жазуға шақырды.
Президент Н. Назарбаевтың халыққа 13-ші Жолдауы (Үндеуі) қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеріп жатқандығын және оның ұзаққа созылуы мүмкін екендігін ескертумен басталды:
- Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады.
Сонымен қатар, президент Назарбаев әлемдік дағдарыстың саяси басқару жүйесіне өзгеріс енгізу мүмкін екендігін де жоққа шығармады.
- Мен осынау жаһандық дағдарыстан кейін әлемдік қаржы жүйесі, бәлкім, мемлекеттерді саяси басқару да өзгеретініне сенімдімін. Көпшілік экономиканы “қолмен басқару” қажеттігіне келіп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда, - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, тұтастай алғанда Қазақстан экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды. Дағдарыстан шығу үшін қосымша қаражат керек.
- Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсатта дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. Бұл – уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервінің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз, - деді Н. Назарбаев.
Президент өңірлік жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтамасыз ету үшін Үкіметке кем дегенде 140 миллиард теңге бөлуді тапсырып, бұқаралық ақпарат құралдарын патриотизмді дәріптейтін материалдарды көбірек жариялауға шақырды.
- Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Біз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде. Мен бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын! Сіздерді “төртінші билік” деп кездейсоқ атамайды! Қазір БАҚ адамдар үшін қиындықты қалай еңсеруге болады, мынандай қиын кезде қалай аман қаламыз, қалай төтеп береміз деген мәселелерде “кеңесші” ретінде көрінуге тиіс, - деді президент.
Осылай деген мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарын көңіл- күйді орнықтыратын материалдарды жиі жазуға шақырды.
Президент Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында қазіргідей қиын шақта түрлі шығындарды, әкімшілік және инвестициялық шығындарды қысқартып, үнемшілдік тәртібіне көшуді талап еткенімен, алда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы келе жатқанын атап өтіп, оған жан-жақты дайындық жасауды қолға алу керектігін, сондай-ақ ол мерекені қалай тойлауды қазірден ойластыру қажеттігіне баса назар аударды.
Сөз соңында Н. Назарбаев Қазақстанда қажетті ресурстар, әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе, айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар екендігін айтып, барлық қиындық еңсерілетіндігіне және Қазақстан күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мемлекетке айналатындығына сенім білдірді.