Америкалық оқытушылар Барак Обама мен Митт Ромнидің атынан сөз сайысына түсіп, дебат өткізді. Оны тамашалаған кейбір қазақ студенттер мұндай дебаттың Қазақстанға керегі жоқ деп ойлайды.
Биыл қараша айында АҚШ-та өтетін президент сайлауының қарсаңында Астанадағы Назарбаев университеті ойын түрінде "кандидаттар" арасындағы дебат өткізді.
Академиялық мәселелер бойынша вице-проректор Говард Швебер демократ Барак Обама болып, ал гуманитарлық және әлуметтік ғылымдар мектебінің деканы Джон Витте республикашыл Митт Ромнидің атынан пікір таластырды.
Ойын диспуттың студент көрермендері екі "кандидатқа" сұрақ қойып отырды.
Сауалдар АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясаты туралы қойылды. Оның ішінде Қазақстанға да қатысты сұрақтар болды.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3-курс студенті Ілияс Сауытов та сауал қойып, Барак Обама өз орнында қалса оның Қазақстанға жағымды я жағымсыз жақтары не болатынын білгісі келді.
- Олар сұрағымның өңін айналдырып, басқа жаққа бұрып жіберді. Қазақстан АҚШ үшін соншалықты дос пейілді болып саналмайтын Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан. Ал Обама бұл екі елмен де жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады. Бұл Қазақстанға да оң әсер етеді деп қоя салды, - дейді Ілияс Сауытов.
Оның пікірінше, бұл студенттер үшін өте пайдалы шара, америкалық мәдениет пен АҚШ-тың әлемдік саясат сахнасындағы рөлі туралы көбірек білуге септігі тиеді.
Ілияс Сауытовтың ойынша, Қазақстандағы президентті сайлауда кандидаттар арасында мұндай дебат өткізудің қажеті жоқ.
- Бізде бір ғана ұлт жетекшісі бар, халықтың оған көңілі толады. Нұрсұлтан Назарбаевтың үздік президент екенін дәлелдеу үшін ешқандай теледебаттың керегі жоқ, - деді ол.
Висконсин-Мэдисон университетінде 35 жыл саясаттану бойынша дәріс берген профессор Джон Витте де Қазақстанда мұндай пікірталастың не себепті қажеті жоқ екеніне назар аудартты. Оның пікірінше, АҚШ пен Қазақстанда "екі бөлек жүйе" орныққан. Ол бұл пікірін оппозициялық басылым журналисінің сұрағына жауап беріп тұрып үш рет қайталап айтты.
Пікірсайыстағы оның қарсыласы доктор Говард Швебердің айтуынша, Назарбаев университетінде өткізілген бұл дебат студенттер арасында шешендік өнерді дамыту мен АҚШ-тағы қазіргі саяси жүйені таныстыру үшін ұйымдастырылған.
Оқу орнының сенат залында өткен шараға қатысқан студенттер өз әсерлерімен былайша бөлісті:
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3-курс студенті Перизат Мақсұт:
- Пікірсайыстан Митт Ромни әрбір штат өз алдында дербес өмір сүру қажет деген пікірді жақтайтынын, ал Обама керісінше, ұлттық мемлекет болғанын қалайтынын түсіндім. Негізі, мұндай пікір сайыс қызық екен. Америка барлық жағынан дамыған мемлекет қой. Экономика, саясат жағынан. Бізде де осындай дебаттар өтсе, саяси жағынан Қазақстанға пайдасы тиеді деп ойлаймын, - деді.
Экономика факультетінің 1-курс студенті Азат Мырзағалиев:
- Қазір Обама 4 жылдан бері президент. Оның қай бағытта бара жатқанын білеміз. Ал Митт Ромидің қандай жолмен жүретінін көре алмаймыз. Өйткені ол президент болмаған. Болғанның өзінде қандай бағыт таңдайтыны белгісіз. Қазір үкіметтің не атқарып жатқанын білмейміз. Ақпарат жетпей жатыр. Біздің саясат жабық. Бізде сайлаулар, дебаттар бар. Бірақ, ол халықтың көңілінен шықпайды.
Өйткені демократия аз бізде. Бізде қарапайым адамнан елдің саясаты жайлы сұрасаң ол білмейді. Себебі қандай саясат жүріп, қандай бағдарлама жасалып жатқаны жайлы ақпарат аз. Үкімет теларналар ашып, сайттар жасап жатыр. Бірақ, ол аз. Біздің халық саясатқа араласуы керек. Ол үшін үкіметке ақпараттық салада көп жұмыс істеу керек, - деп санайды.
Гуманитарлық және әлеуметтік факультеттің 1-курс студенті Дана Тіллабай:
- Қазақстанда жүрген мұғалімдерге өздерін Ромни мен Обаманың орнына қойып, солардың позициясын ұстану сәл қиынырақ болады. Себебі олар АҚШ-та болып жатқан саясаттан алыста жүр. Алайда профессорлар өз міндеттерін жақсы атқарып шықты. Оқушылар да орынды сұрақтар қойды.
Жеке көзқарасым, профессор Швебердің ойлары нақты шықты. Біздің елімізде мұндай дебаттардың болғаны жақсы. Өз басым мұндай пікірсайыстарға қызықпайтынмын. Бірақ, егер осындай дебаттар болса, онда халық елімізде не болып жатқанынан хабардар болар еді, - деген пікір айтты.
Оқу орны таратқан баспасөз хабарламасында университеттің ешқандай сайлау кампаниясына қатыспайтыны, дебаттың студенттерге пікір жарыстыру мәдениетін үйрету үшін ұйымдастырылғаны жазылған.