Шымкентте екі топтың жанжалы адам өлімімен аяқталды. 14 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Тұрғындар «қақтығысқа қатысқандар - қыз алысып, құда болған жаңа туыстар» дейді.
Шымкентте қазанның 29-ы күні түстен кейін қарулы топтар арасында қақтығыс болды. Бір адам сол күні көз жұмды. Тағы бір адамның жарақаттан қайтыс болғаны қазанның 30-ы күні хабарланды.
Қайғылы оқиғаға қатысқан өзге 14 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Олардың бірін пышақтап кетсе, енді біреулеріне оқ тиген. Арасында бірнеше әйел де бар.
«Жанжал ұйымдастырды» деген күдікті қазір тәртіп сақшыларының күзетінде, ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.
«СОҒЫСТА БОЛМАҒАН СҰМДЫҚТЫ КӨРДІК»
«Жанжал құрбан айт тойлап тарқасқаннан кейін жаңадан құда болған екі отбасының дауынан басталған» дейді куәгерлер.
- Кездесудің соңы бұлай болып кетеді деп ойламадық. Соғыста болмаған сұмдықты көрдік. Оларды тоқтату мүмкін болмады. Ағамды өлтірді. Ал бауырларымның жағдайы ауыр, - деді Забадам ауылының тұрғыны Гулей Бигалиева.
Қақтығыс басталғанда әйелдер жедел жәрдем мен полиция шақыруға тырысқан. «Алдымен бір-біріне кедергі болып, кейін көмек те тым кеш келді» деді оқиға куәгерлері.
Забадам ауылының тұрғыны Шакарназ Бигалиева:
- Біз полиция шақырдық. Басында оған ерлер рұқсат бермеді. Бірақ телефон шалып, оларды зорға дегенде келтірдік. Енді, міне, қайтыс болған ағамның артында жеті баласы жетім қалды, - деді.
«ТАҒЫ БІРЕУІ ҚАЙТЫС БОЛДЫ»
Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының меңгерушісі Сәбит Байбосынов қазанның 29-ы күні:
- Бір адам өлі келді. Қалғандарының жарақаттары ауыр. Қиын жағдай расында. Марқұмның кеудесінен оқ тиген, ішкі органдары жарақаттанған, көп қан кеткен. Үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Диагноздары - кеуде жарақаты, - деді.
Қазанның 30-ы күні Азаттыққа білетін ақпаратын айтып берген аурухана дәрігері:
- Қақтығысқан - қала іргесіндегі Забадам мен Бадам елді мекендерінің азаматтары болып шықты. Қыз алысып, құда болған жаңа туыстар. Олардың бірі ауыр жарақат алып, көмек келгенше жан тапсырыпты. Қалғаны емделіп жатыр. Тағы біреуі бүгін қайтыс болды, - деді.
Болжам бойынша, қарулы қақтығысқа жақын адамдардың жанжалы себеп болған. Куәгерлердің айтуынша, Бадам өзенінің жағасында болған төбелеске 50-ге жуық адам қатысқан. Полиция бұл қақтығыс туралы толық ақпаратты тергеуден кейін тарататынын мәлімдеді.
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының ішкі істер басқармасы бастығы Бауыржан Селтанов:
- Бұл оқиға құрбан айттан кейін болған жанжалдан басталған. Оқиға орнынан атыс қаруы мен үш пышақ және гильзалар, темір трубалар және бес ағаш шоқпар табылды. Жаппай төбелесті ұйымдастырушы деген күдікке ілінген азамат қазір полиция қызметкерлерінің күзетімен ауруханада жатыр. Пышақ жарақаттарын алған, - деді.
Әзірге бұл оқиғаға қатысты бір ғана баппен - Қазақстан қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу басталды. «Үш күдікті қамауға алынды» дейді полиция өкілдері. Оқиға болған ауылды тәртіп сақшылары күзетке алған.