Ақтөбеден 18 шақырым жердегі Сазды ауылында тұратын Талғат Ермағамбетов - қазақы тазы тұқымдас ит өсіретін аз маманның бірі. Азаттық тілшісіне «нағыз қазақы тазы осындай болады» деп көрсеткен иттерінің жүні тықыр, құлағында шашақты түгі бар, құйрығы сақина тәріздес дөңгелене қайқайып тұр.
- Қазақы тазы - тұқымы жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған жануар. Ақтөбе облысының аумағында қазір 20-дан астам қаны таза қазақы тазы бар. Егер солардың бәрін есепке алып, құжат жасатсақ, халықаралық көрмелер мен байқауларға шығарар едік. Жалпы қазақта тазының түрі көп. Бірақ, қаны таза қазақы тазы аз, - дейді жаңа кинологиялық клубтың жетекшісі Талғат Ермағамбетов.
Талғат Ермағамбетовтің сипаттауынша, қазақы тазы қаншығының биіктігі 65, арланының биіктігі 75 сантиметр шамасында болуы тиіс. Әдетте қазақы тазының жон арқасы мен екі қапталының түсі табиғи, біркелкі боп келеді екен. Ал жүні ала, бойы биік, мойнын түгел орап тұрған ақ жолағы болса, ол қазақы тазы емес.
- Кейбіреулердің қазақы тазы деп дәріптеп жүргендері - кәдімгі қайыңқаптал. Қайыңқаптал - тазы мен өзге тұқымның будандасуынан пайда болатын ит. Қайыңқаптал, орыстың борзыйы, ағылшынның грейхаунды – осылардың қай-қайсысынан болсын қазақы тазының асып түсетін бір қасиеті бар. Аңға шыққанда байқағаным – қоян қалың қамыстың арасымен қаша жөнелсе, борзый да, грейхаунд та соңынан ілесіп, қалың қарға омбығып қалып жатады. Ал қазақы тазы қамысты айналып өтіп, қоянның алдынан шығады. Қазақы тазы - айлалы, есті жануар. Өзге тұқымдастары сияқты аң қуған кезде аяғын қайырып, мойнын шығарып алғанын көрген емеспін, - дейді кинолог.
Қазір Талғаттың қолында өзі таза қазақы тазы деп сипаттаған иттің 3 қаншығы мен 4 айлық еркек күшігі бар. Биыл Алматыдан және екі еркек күшік алып келген. Ол көктем сайын қазақы тазыларды ұйықтырып, екі-үш атасына дейін ұяластарымен қосылмаған тұқым алуға тырысады.
Талғат тазыларын «ит» деп атамайды. Оның ұғымында, «ит» деген мүлдем басқа жаратылыс. Ал тазы – «киелі жануар». Оның тазылары төрт түлікпен бірге жылы кешеннің бір бөлігіне жайғасқан. Астарына кілем төселген. Үйіндегі ескіре бастаған жұмсақ жиһазын да ойланбастан тазылардың астына төсепті. Ласка, Зуля, Лашын мен Таймас иелерінің айтуынша, қанша аш болса да өлексе жемейді. Лас жерге де жатпайды.
- Зулям (қазақы тазының қаншығы – ред.) жоғалып кетіп 3 жылдан соң әрең таптым. Бір күні мал базарға барсам, тазының күшіктерін сатып жатыр екен. Бір күшік көзіме оттай басылды. «Мынаның енесін тауып беріңдер» деп жатып келіп жабыстым. Оның бас сүйегіне қарап, қайыңқаптал болса да, Зуляның күшігі екенін жазбай таныған болатынмын. Түйсігім алдамапты. Зулямды қайтарып алдым. Үш жыл иелік еткен жігіт кез-келген итпен ұйықтырып, күйін кетіріп алған екен. Қазақы тазының не екенін білмейтіндер оның қадір-қасиетін қайдан ұқсын? - деп күрсінді Талғат.
Ақтөбедегі алғашқы қазақы тазы өсірушілердің кинологиялық клубына жетекшілік ететін жігіт 2014 жылғы мамыр айында көрме өткізуді жоспарлап отыр. Оған дейін облыс аумағындағы қаны таза қазақы тазылардың тізімін жасамақ.
- Жаңалық ашып жатқанымыз жоқ. Жойылып бара жатқан ұлттық құндылығымызды сақтап қалғымыз келеді. Оның үстіне қазір заман басқа, заң басқа. Иесінде құжаты болмаса қанша жерден асылтұқымды болса да, қазақы тазы көп иттің бірі болып қала береді. Көзімнің тірісінде өз басым оған жол бере алмаймын, - дейді кинологиялық клуб жетекшісі.
Өткен аптада ғана тіркелген алғашқы қазақы тазы өсірушілер клубының әзірге он шақты мүшесі бар. Ақтөбелік ит өсірушілердің олардан бөлек тағы екі кинологиялық клубы бар.
Видеодан Қанат Ермағамбетовтің тазыларын, қазақы төбетін де көре аласыз: