Қызметкерлерін сынақтан өткізіп жатқан Қазақстан ішкі істер министрлігі шілденің 18-і күні аттестацияның екінші кезеңінің кезекті қорытындысын жариялады.
Ішкі істер министрлігінің өкілі Бақыт Өмірсейітовтің мәлімдеуінше, аттестацияның екінші кезеңінде ішкі істер департаментінің, қалалық және аудандық ішкі істер қызметінің, оқу орындарының, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдерінің бастықтары мен жеке құрамдары сынақ тапсырған.
ЛАУАЗЫМЫНА «ЛАЙЫҚТАР» МЕН «ЛАЙЫҚ ЕМЕСТЕР»
Қарағанды облысында бұл сынаққа қатысқан қызметкерлердің арасынан 9 адам – жоғары лауазымды қызметке ұсынылды, 149 адам – «лауазымдарына сәйкес» деп танылды, 33 адам – лауазымдарынан босатылуға, 22 азамат – ішкі істер қызметінен шығарылуға тиіс болды.
Ақмола облысында 5 қызметкер – жоғары лауазымды қызметке ұсынылды, 65 адам – «лауазымдарына сәйкес» деп танылды, 16 адам – лауазымдарынан босатылуға, 6 қызметкер (арасында жедел криминалистикалық басқарма бастығы мен жол полициясы басқарма бастығының орынбасары да бар) – ішкі істер органдарынан шығарылуға тиіс болды.
Алматы қаласы бойынша аттестациядан өткен 330 қызметкердің арасынан 4 азамат – жоғары лауазымға ұсынылды, 240 адам – «лауазымдарына лайық» деп танылды, 48 азамат – лауазымдарынан босатылуға, 5 қызметкер – ішкі істер органдарынан шығарылуға тиіс болды
Алматы облысы бойынша аттестациядан 116 қызметкер өтті. Олардың арасынан 2 адамды – жоғары лауазымға ауыстыру, 33-ін – лауазымдарынан босату, 28-ін – ішкі істер органынан шығару ұсынысы айтылды.
Сондай-ақ, көліктегі ішкі істер департаментінің сынақ тапсырған 39 қызметкерінің екеуі – жоғары лауазымға ұсынылды, алтауы – лауазымдарынан босатылуға, үшеуі – ішкі істер органынан шығарылуға лайық болған.
САРБАСОВТЫҢ СЫНАҒЫ МЕН ЖАСЫ
Кезектен тыс өтіп жатқан бұл сынақ Алматы қалалық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарбасовтың қызметінен кетуіне себеп болды.
Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, «Сарбасов аттестациядан өтпей қалған». Бұл туралы агенттікке «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов айтқан.
Алайда өзге ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Арман Сарбасов зейнет жасына жетуіне байланысты жұмыстан кетпек.
– Маған жасымның келгенін айтты. Осы ғана. Ал былайша аттестациядан өте жақсы өттім. мылтық атудан да, спорттың жүгіруден де жастармен бірдей «өте жақсы» деген бағаға тапсырдым. Психологиялық тестен де өте жақсы өттім. Алайда комиссия жасымның келгенін айтты. Полковник үшін межелі жас – 53. Мен дәл қазір 53-темін, – дейді Арман Сарбасов.
Ақпаратқа қарағанда, ол «ішкі істер министрлігі басшылығының осы шешімімен келісіп», жұмыстан кетуге өтініш берген.
ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ: 68-ДІҢ 20-СЫ ӨТЕ АЛМАДЫ
Ақпарат құралдарының жазуынша, аттестация комиссиясының құрамына шенеуніктер ғана емес, қоғам мен БАҚ өкілдері де қатысады.
Қаржы полициясы сайтының дерегіне қарағанда, бұл мекеменің төрағасы орталық аттестация комиссиясының (ОАК) құрамын жариялаған. Комиссия басшысы – қаржы полициясы төрағасының өзі. Комиссия құрамына төрағаның бірінші орынбасары, аппарат басшысы, алты департаменттің бастықтары және «Қаржы полициясы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы енген.
Қаржы полиция сайты «анықтық пен объективтілік мақсатында» ОАК жұмысына «Нұр Отанның» партиялық бақылау комитетінің басшы Рахымбеков, «Атамекен одағы» басқарма төрағасының орынбасары Ошақбаев, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Костина, «Қазақстан» телеарнасы басшыларының бірі Олжай, «Айқын» газетінің тілшісі Маханбет қатысатынын айтады.
Бұл мекеменің сайтында 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы полициясының 68 қызметкері сынақтан өткені жазылыпты. Олардың қатарында агенттік төрағасы орынбасарлары, аппарат жетекшісі, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, қаржы полициясы академиясының бастықтары бар.
Қаржы полициясының аттестациялауға қатысқан 68 қызметкерінің 20-сы (яғни 29 пайызы) сынақтан өте алмаған.
Олардың біразы «лауазымдарына сәйкес келмей, төмен лауазымға тағайындалуға ұсынылған», ал 11 қызметкер қаржы полициясынан шығарылған.
ПРОКУРАТУРА: 77-НІҢ ТӨРТЕУІ ӨТЕ АЛМАДЫ
Сынақтан бас прокурордың төрт орынбасары, департамент басшылары, ведомство комитетінің төрағалары мен орынбасарлары, облыстық прокурорлар өтті.
Бұл қызметкерлердің барлығы заңды білуі мен логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тест арқылы, психологиялық орнықтылығына әңгімелесу арқылы көрсетеді.
Прокуратура органдарынан әзірше 77 қызметкер кезектен тыс аттестаттациядан өтіп, олардың төртеуі қызметтерінен босатылды.
Комиссия «атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген» үш қызметкердің қызмет дәрежесін төмендетуге, екі қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға ұсыныс айтты.
АТТЕСТАЦИЯНЫҢ ШАРТЫ МЕН МЕРЗІМІ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу және президент жанынан жоғары аттестациялық комиссия құру туралы жарлыққа сәуірдің 8-інде қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, құқық қорғау құрылымдары мен прокуратураның бірінші басшыларынан басқа барлық қызметкерлері, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, қаржы полициясы және кеден комитеті қызметкерлері кәсіби біліктілігін дәлелдеу үшін кезектен тыс аттестациядан өтуі тиіс.
Кезектен тыс аттестаттау үш сатыда өтіп, жыл соңында аяқталады. Бірінші кезеңде (2012 жылдың мамыр және маусым айларында) жоғары аттестациялық комиссия – құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарларын, ведомстволар мен аумақтық бөлімдердің басшылары мен орынбасарлары, жоғары оқу орындарының басшылары, орталық аттестациялық комиссияларға кандидаттарды сынақтан өткізеді.
Екінші кезеңде (2012 жылғы маусым мен тамыздың арасында) орталық аттестациялық комиссиялар – қалалық және аудандық ішкі істер қызметінің, оқу орындарының, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтарын, ішкі қауіпсіздік, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдерінің жеке құрамын, күзет бөлімдері басшыларын тексереді.
Үшінші сатыда (2012 жылғы маусым-қараша аралығында) өңірлік аттестациялық комиссиялар аумақтық органдардың жеке құрамын аттестаттайды.
Қазақстанда жалпы 98 мың 617 қызметкер аттестациядан өтуі тиіс, Оның 379-ын – жоғары аттестациялық комиссия, 4 мың 422-сін – орталық аттестациялық комиссиялар, 93 мың 816-сын – өңірлік аттестациялық комиссиялар сынақтан өткізеді.
Бұл аттестацияға мамандар күдікпен қарайды. Кейбір сарапшылар «құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің саны армиядан асып, Қазақстан полицейлік елге айналып барады» дейді. Олар «Қоғамдық бақылаусыз өтетін полиция қызметкерлерінің аттестациясы қаншалықты тиімді?» деген сауал қояды.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің ойынша, «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аттестация туралы жарлыққа қол қоюына маңызды екі фактор түрткі болған». Оның пікірінше, бірінші фактор - мемлекеттің құқық қорғау органдарының беделден жұрдай болуы мен халық сенімінен түбегейлі айырылуы, екінші фактор - «ереуілді басып-жаншу үшін полицейлер қару қолданған Жаңаөзендегі қанды оқиға».

Қаржы полициясының аттестациялауға қатысқан 68 қызметкерінің 20-сы сынақтан өте алмаған.