Accessibility links

АҚШ 11 миллион иммигрантты уайымдайды


Иммигранттардың құқықтарын қорғаушылар өткізген шеру. Лос-Анджелес, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Иммигранттардың құқықтарын қорғаушылар өткізген шеру. Лос-Анджелес, 16 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-та өмір сүретін 11 миллион заңсыз иммигрантқа қандай шара қолдану керек? Вашингтондағы иммиграциялық реформаға қатысты пікірталастың негізгі тақырыбы осы болып тұр.

Өзін Тома деп таныстыруды өтінген 50 жастағы иммигрант АҚШ-тың солтүстік-шығысын мекендеп жүр. Ол аздап ағылшынша сөйлейді. Тома осыдан бес жыл бұрын турист визасын алған соң, Грузиядағы туған қаласы Кутаисиден АҚШ-қа келген. Содан бері отанына оралмапты.

«АМЕРИКА – ЕКІНШІ АНАМ»

– Бұл жақта бәрі бар. Жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Үйге қайтсам, жұмыс табу қиын. Мен осында қалуды ұйғардым. Бір амалын тауып құжаттарымды реттеп алармын, – дейді ол.

Томаның айтуынша, Шығыс Еуропадан келген иммигранттардың көбі визаның уақытын созып, өзі сияқты құрылыс жұмысына кіреді. Ол бұл әрекетке мұқтаждықтан барғанын, бірақ мұндай мүмкіндік берген тағдырына разы екенін айтады.

– Отбасымды асырауға тиіспін. Америкада жүргенімде бала-шағам мен туыстарым ашықпайды. Ақша жіберіп, көп адамның аман қалуына жәрдемдестім. Олар төлей алмаған операцияның ақшасын төлеп бердім. Сол үшін Америкаға қарыздармын. Өз елімді сүйемін, бірақ бұл елді де құрметтеймін. Америка менің екінші анам сияқты, – дейді Тома.

Барак Обама екінші рет АҚШ президенті болып сайланған соң Ақ үй мен Конгресс жетекшілері иммиграция мәселесіне баса көңіл бөліп, «Заңсыз
Иммиграциялық қызмет өкілі құжатқа мөр басып жатыр. Нью-Йорк, 29 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Иммиграциялық қызмет өкілі құжатқа мөр басып жатыр. Нью-Йорк, 29 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
жүрген мигранттарды не істейміз?» деген сауалға жауап іздей бастады. Қазір Тома «зор мүмкіндікті» күтіп жүр. Ол ғана емес, АҚШ-тағы шамамен 11 миллион иммигранттың барлығы жуырда азаматтық алудан үмітті.

АҚШ-тағы Брукингс институтының иммиграциялық саясат бойынша маманы Одри Сингердің айтуынша, 1980 жылдардың ортасынан бастау алған үлкен иммиграция тасқынына реформа жасайтын кез жетті:

– Жақсы мүмкіндік туып тұр. Бұған дейін қарсылық танытқан адамдар енді басқаша сөйлей бастады. Республикалық көшбасшылар иммигранттарды заңдастыру керек дейді. Көптеген іскер тұлғалар мен діни және саяси көшбасшылар алаңдаушылық танытып жүр. Олар иммиграцияға зияндарын тигізгісі келмейді. Бұл мәселенің нағыз кемеліне келіп, жетілгенін білдіреді, – дейді ол.

АҚШ-тағы заңсыз иммигранттардың көбі Латын Америкасынан келген. Pew зерттеу орталығы берген соңғы деректерге сүйенсек, олардың 60 пайызы – Мексикадан.

Pew орталығының аға демографы Джеффри Пассел Азаттыққа берген сұқбатында 50 мыңға жуық иммигранттың бұрынғы совет елдерінен келгенін айтты. Соңғы он жылда бұл сан көп өзгермеген.

«АЗАМАТТЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН АЛУ КЕРЕК»

АҚШ конгресі 1986 жылы үш миллион заңсыз иммигранттың құқықтық мәртебесін бекітуге дауыс беріп, осылайша Мексика шекарасы арқылы өтетін адамдардың саны азаяр деп үміттенген. Керісінше иммигрант көбейіп кетті. Қазір заңсыз иммигранттарды жаппай депортациялаудың мүмкін емес екенін түсінген АҚШ-
АҚШ шекара қызметі. (Көрнекі сурет)
АҚШ шекара қызметі. (Көрнекі сурет)
тағы заң шығарушылардың көбі «оларды заңдастыру – ең дұрыс тәсіл» деп санайды.

Республикашылдардың көбі осылайша елдің демографиясын оңалтамыз деп ойлайды.

Латын Америкасы елдерінен келген сайлаушылар 2012 жылғы президент сайлауында Обамаға қолдау көрсеткен негізгі күш болды. Қаңтардың соңында сенаторлардың қос партиялы тобы (оның ішінде бұрынғы президенттікке үміткер республикашыл Джон Маккейн де бар) иммигранттарға азаматтық беру мүмкіндігін қарастыратын жоспар ұсынды.

Обаманың ойын ақпанның 12-сі күні жасаған үндеуінен байқауға болады. «Нақты реформа – азаматтықты еңбекпен алуға жол ашу. Тексерістен өтіп, салық пен айыппұл төлеп, ағылшын тілін үйреніп және «көлеңкеден шығып», бұл жаққа заңды жолмен келуге тиіс» деді ол.

Азаматтық алу алдағы айлардағы даулы мәселе болатын сияқты. Ақпанның 13-і күні сенат реформаға қатысты алғашқы отырысын өткізді, сол кезде біраз нәрсе анықталды. Республикашылдар Обама әкімшілігін «шекара қауіпсіздігін сақтауға ұмтылмайды және иммигранттарға тым «жұмсақ» қарайды деп айыптайды.

Азаматтық беру ұсынысы республикашылдар бақылайтын өкілдер палатасының тарапынан қатаң сынға ұшырады. Ақпанның 13-і күні Associated Press басылымына сұхбат берген палата спикері Джон Бонер «азаматтық беруді қамтитын жоспарды мақұлдаймын» деген жоқ. Вирджиниялық республикашыл Боб Гудлэйтт «жаппай депортация жасау мен азаматтық берудің ымыралы шешімін табу керек» деді.

Бірақ сарапшылар азаматтықты заңдастыру талабы іске асатын тәрізді деп болжайды. Ал Тома салық төлеуге, азаматтық алудың барлық сатысынан өтуге дайын екенін айтты.

- Бұл мүмкіндік мен сияқты адамдарды шабыттандырады, жасырынбай жүретін сәт туады. Егер шынымен осы тілегім орындалып жатса, бұл елдің президенті үшін дұға қыламын, - дейді ол.

Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.
XS
SM
MD
LG