1970 жылдары Парсы шығанағы елдерінде пайда болғанда бұл жүйені діни ұстанымдарына байланысты тек діндар мұсылмандар ғана пайдаланған. Ислам дінінде үстеме пайызбен (өсімге) ақша алуға және беруге моральдық тұрғыдан азғындататын бизнес түрлері (порнография мен алкоголь өнімдерін сату) сияқты тыйым салынады.
Бірақ соңғы кездері исламдық банкингке мұсылман емес басқа жұрт та ынтыға бастады. Оның себебі – экономикалық дағдарыс кезінде барлық дін өкілдеріне есігі ашық исламдық банктердің басым бөлігі зардап шеккен жоқ. Әзірге бұл банктердің бірде-бірі құрдымға кетпеу үшін қаржылай көмек алуға мұқтаж болған жоқ. Яғни бұлар салымшылар үшін дәстүрлі банктерге қарағанда сенімдірек деген пікір орныға бастады.
ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ
Исламдық қаржы жүйесі бойынша консультант болып жұмыс істейтін лондондық Мохаммед Аминнің айтуынша, бұл пікір жартылай ғана дұрыс.
– Іс жүзінде исламдық банктер кейбір коммерциялық әрекеттерде әдеттегі банктерге қарағанда қатаң саясат ұстанады. Пайыздық несиеге тыйым салуының арқасында олар оңды-солды қарыз алатын тұтынушыларды барынша шектейді. Ал Батыстың қаржы институттарын құрдымға кетірген басты себеп те – осы, – дейді ол.
Бірақ басқа кез-келген жинақ банктері сияқты ислам қаржы институттары да салымшыларына тәуекел жүктейді. Себебі пайыздық үстеме қосылған транзакциялардан бас тартқанымен, олар басқа қатардағы банктер жасайтын операцияларды орындайды. Жалғыз айырмашылығы – басқа әдістерді қолданады.
«ТАБЫСПЕН БӨЛІСУ»
Лондондық сарапшы Мохаммед Амин депозиттегі ақша үшін сыйақы алуды бір мысал ретінде келтіреді. Жай банктер депозитке қаражат салған салымшыға белгілі бір мөлшерде сыйақы төлеуге міндеттеме алады. Ислам банктері өздерінің табыстарын бөлісу әдісі арқылы салымшылардың дәл осындай көлемде сыйақы алуына мүмкіндік береді.
– Қаражатыңызды ислам банкіне салған соң олар бұл соманы өзінде жинақталған басқа ақшамен қосып, бір бизнеске салады. Жыл соңында нәтижелерді есептейді де, жай банктер беретін 5 пайыздық сыйақыны олар да береді. Аса бір сәтсіз жыл болмаса, көбіне сыйақының мөлшері бұдан сәл аздау, не сәл көптеу болуы мүмкін, – дейді Мохаммед Амин.
2007 жыл - Исламдық банктер Қазақстан нарығына белсенді түрде кіре бастаған.
2009 жыл - Қазақстандағы исламдық банкинг қызметi туралы заң күшіне енді.
2010 жыл - Қазақстанда Абу-Дабилік Әл-Хилал исламдық банкінің филиалы ашылды.
Табыс түспеген жағдайда исламдық банктер салымшысына ешқандай ақша төлемеуі де мүмкін. Ал дәстүрлі банктер келісім-шарт бойынша салымшыға өсім төлеуге міндетті.
Жай банктер сияқты исламдық банктер де тұтынушыларға қарыз ақша беру арқылы табыс табады. Дәстүрлі банктер бұл қарызды пайыздық үстемемен берсе, ислам банктері сату-сатып алу транзакциялары арқылы жүзеге асырады.
- Исламдық банк өкілі сізге «Қандай машина алғың келетінін, оның қай салонда тұрғанын айтсаң, біз оны сатып аламыз да, саған сатамыз» дейді. Сөйтіп ислам банкі, айталық, 1 мың долларға көлік сатып алып, оны сізге 1150 долларға сатады және бұл соманы 36 айдың ішінде бөліп төлеуге міндеттейді. Яғни ислам банкі көлік сатудан пайда түсіреді, себебі келісім-шарт несие беруді емес, бағасы 1150 доллар тұратын көлікті сатуды рәсімдейді, - дейді Амин.
Бірақ кез келген қаржы институты сияқты исламдық банк те коммерциялық транзакцияларының барлығы қауіпсіз болатынына кепілдік бере алмайды. Олар қаржы берген құрылымдар алған ақшаны түгелімен уақытында қайтара алмай қалуы да мүмкін. Исламдық банктердің қожайындары белгілі бір бизнестік құрылымға қаржы салу арқылы зор тәуекелге барады, таңдауы сәтсіз болған жағдайда олар банкротқа ұшырауы да ықтимал.
ДІНГЕ ҚАЙШЫ МА, ЖОҚ ПА?
Дәстүрлі банктер қолданатын қаржылық операциялардың көпшілігін пайдаланатынына қарап, исламтанушы ғалымдар ислам банктерін «көзбояушылықпен айналысады» деп сынап жатады. Бірақ ғалымдардың көбі ислам банктері діннің өсімқорлыққа қатысты шарттарын толық орындап отыр деп, оларға қолдау білдіреді. Әзірге исламдық банкингтің болашағына қауіп төндіре алатындай салмақты пікірлер айтыла қойған жоқ.
Исламдық банкингтің әлемдік қаржы секторындағы үлесі әлі де мардымсыз. Мұндай банктерде сақталған қаражат көлемі - 1 триллион АҚШ доллары шамасында. Бұл жер жүзіндегі күллі қаржы активтерінің 1 пайызына ғана тең. Алайда кейбір елдерде оның үлес салмағы жылдам артып келеді.
Соңғы 7-8 жылда тек Ұлыбританияның өзінде бес исламдық банкке лицензия берілді. АҚШ-та мұндай банктер біраздан бері жұмыс істейді, болашақта Батыс Еуропада да ашылмақ.
Исламдық банктердің басым көпшілігі Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарында қызмет көрсетеді.
Материалды қазақ тіліне тәржімалаған – Мұхтар Екей.

Қазақстандағы исламдық банкинг
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ БАНКИНГ2007 жыл - Исламдық банктер Қазақстан нарығына белсенді түрде кіре бастаған.