Халықаралық еңбек ұйымы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс әйелдер қауымы арасында жұмыссыздық деңгейін арттыратындығын хабарлады. Аталған ұйымның жылдық баяндамасында дағдарыс салдарынан биыл әлемде 22 миллион әйел жұмыссыз қалуы мүмкін екендігі айтылған.
Алматы қаласының 75 жасар тұрғыны Нина Филонченко осыдан тура жарты ғасыр бұрын Башқұрстаннан көшіп келіпті. Ұзақ жылдар бойы қалада сүт зауытында жұмыс істеген зейнеткердің қолына тиетін зейнетақысы - 17 мың теңге, демек 100 доллардан сәл ғана асады.
- Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тіршілік жасауға тура келді. Қалада мардымсыз ақшаға күн көру мүмкін емес. Қазір бәрі қымбат. Содан, өзің көріп тұрғандай, әжең осы ауланың қарын тазалаумен әлек, - деді екі метрлік күрекке сүйене сөйлеген Нина Петровна.
Оның айтуынша, соңғы уақыттары күн көрісі одан сайын қиындап кетіпті. Азық-түлік қымбаттағаны былай тұрсын, коммуналдық қызмет ақысы үшін зейнатықының жарымын төлеуге тура келеді дейді ол.
- Мен дүкеннен нан, шәй, сүт сатып аламын. Еттің дәмін ұмытқалы қай заман. Қалған-құтқан тиынға бұдан басқа не сатып алуға болады?
Аула қарын тазалаушы әжейді қоғамда болып жатқан өзгерістер аса қызықтыра бермейді екен. Жаңалық қарайтын үйінде телевизор да жоқ. Бүгінгі мақсаты – түнімен жауған қалың қарды ауладан тазартып шығу.
Келесі бір кейіпкеріміз Алматы тұрғыны Айгүл Әмірова - жалғыз басты әйел, 43 жаста. Студент қызы бар. Қаладағы бір мекеменің асханасында аспазшы болып істейді.
- Үйдек табысты мен ғана табамын. Дағдарыс жығылған үстіне жұдырық болып тигендей әсер етті. Барлығы қымбаттап кетті. Оның үстіне қызымның оқу ақысын төлеуім керек. Мұндай қиыншылықтар, әсіресе, әйелдерге қиын тиеді.
Айгүл 8-наурыз - халықаралық әйелдер күні де жұмыс істепті. Мерекеге орай демалысты да жұмыста өткізген. Енді ол колледж бітіргелі жатқан 19 жастағы қызына кәсіп іздеп жүр.
- Жалғыздан жалғыз еңбек етіп жүргеніме он жылдан астам уақыт болыпты. Міне, қызым табыс таба бастаса, тұрмысымыз біраз жақсарып қалар еді. Биыл ол оқуды бітірген соң жұмысқа тұрады. Өзінің «бухгалтер» мамандығы бойынша жұмыс табу қиын болып тұр, әзірге дүкенде сатушы болып істей тұратын шығар, - деді аспазшы Айгүл.
Алматының тағы бір тұрғыны Баян Әділова – зейнеткер, 65 жаста. Оның пікірінше, «әйел» және «еркек» деп бөлу дұрыс емес. «Әйелдің орны – ошақтың қасы» деген қағиданы берік ұстанатындығын айтады ол.
- Жаратқанның әмірімен отбасының қожайыны еркек болуы тиіс. Ал қазір еркек пен әйелдің құқықы тең дегенді насихаттап жүр. Содан әйел әсіре іскер болып кетті, еркек секілді бәріне үлгерем деп жүргені... Бұлай болуы мүмкін емес. Әйел қашаннан отбасының қорғаушысы, - дейді Баян Әділова.
Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының болжамына қарағанда, биыл дағдарыстың салдарынан әйел мен еркектің табыс деңгейінің ара салмағы мейлінше алшақтай түседі. Атап айтқанда, осы жылы әйел қауымы арасында жұмыссыздық 7,4 пайызға жетуі мүмкін. Бұл – рекордттық көрсеткіш. Ал ерлер арасындағы жұмыссыздық 7 пайыз деңгейінен аспайды.

Зейнеткер Баян Әділова қазіргі заман әйелдері тым іскер болып кеткен деп есептейді. Алматы, 8 наурыз, 2009 жыл.