Талдықорғанда шекара заставасы бастығы Алексей Фоминге және «14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді» деп айыпталған сарбаз Владислав Челахқа қатысты сот үкім шықты.
Сейсенбі, желтоқсанның 11-і күні істі қараған судья Ербол Ахметжанов «шекарашы Владислав Челах 15 адамның өліміне айыпты» деп, оны өмір бойы бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуге үкім етті.
Үкімді алты минут оқыған судья Ербол Ахметжанов жәбірленушілердің 50 миллион теңге өтемақы өндіріп беру туралы талаптары жарым-жартылай орындалғанын, сотталушы азамат оларға 25 миллион теңге өтеуі тиіс екенін жариялады. Сотталушы Владислав Челах оған қоса Үшаралдағы әскери бөлімге 7 миллион 847 мың 373 теңге өтеуге тиіс.
Шекарашы Челах бүгінгі сотқа қатысудан бас тартқан еді, бірақ оны сот залына конвоймен күштеп алып келген.
Сотталушының туыстары үкімді қайта қарау туралы шағым беретіндерін мәлімдеді.
ПРОКУРОР МЕН АДВОКАТТАРДЫҢ УӘЖДЕРІ
Владислав Челахтың соты қарашаның 19-ында басталған. Талдықорғанның әскери
гарнизонында өткен процесс ашық жүрді.
Алайда сот басталғанда Владислав Челах ақпарат құралдарының өкілдері мен журналистерді сот залынан шығарып жіберуді сұрады - оның ұсынысын қорғаушылары да қолдап, БАҚ өкілдері соттан шығарылған.
Алқа билер сотынан бас тартқан Челахтың үстінен өткен процессті журналистер бөлек бөлмеде, монитор арқылы бақылады.
Бір айға жуық өткен процестің алғашқы кездерінде Челах бірнеше рет процеске қатыспайтынын мәлімдеп, оны тіпті сотқа күштен әкелген күндер болды. Ол өз денесін жарақаттап, сотқа наразылық танытты.
Кейін Челахтың екі адвокатының бірі Төлеген Берліқожанов Челахты қорғаудан бас
тартты. Ол «екінші адвокат Серік Сәрсенов екеуіміздің арамызда келіспеушіліктер болды» деп, істен бас тартқан. Өзінің айтуынша, біреулер оны «биліктің адамы деп айыптап, «қызыл адвокаттар» қатарына қосқан».
– Владиславтың жүйкесіне артық салмақ түсіріп, көкейіне күдік ұялатпас үшін сот процесіне ары қарай қатыспау туралы шешім қабылдадым, – деді ақпарат құралдарының біріне түсініктеме берген адвокат Төлеген Берліқожанов.
Бұдан кейін іске адвокат Серік Естияров кіріскен. Бірақ өткен аптада алдымен Серік Сәрсенов, кейін Серік Естияров «денсаулықтарына байланысты» сотқа қатыспады.
Бұдан соң Челахты қорғауға мемлекет тағайындаған адвокат Жұмағайша Саржанова кірісті. Челах «адвокат Саржанованы маған заңсыз тағайындады» деп, үшінші адвокаттан бас тартатындығын мәлімдеді. Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмаған.
Адвокат Жұмағайша Саржанованың сөзінше, Челах Арқанкерген шекара бекетін
өртегені және заңсыз қару асынып жүргені үшін кінәлі, алайда 15 адамның өліміне кінәлі емес. Адвокат жәбірленушілер сұраған моральдық шығынды қарастырмай, кері қайтаруды, ал Челахты босатуды сұраған.
Өткен аптада Талдықорғандағы соттың жарыссөз кезеңінде сөз алған прокурор Александр Кирияк соттан Челахты «кісі өлтірді, өзгенің мүлкін жымқырды, әскери қызметтен қашты» деген айыптар бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған.
Прокурор «мұның сыртында Челах жәбірленуші жақтың барлық талаптарын орындауы тиіс және 843 мың теңгені құрайтын процессуалдық шығындарды да өтеуі керек» екенін айтқан.
АРҚАНҚЕРГЕН ОҚИҒАСЫ
Арқанкергендегі оқиға 2012 жылы мамырдың 30-ы күні мәлім болды. Сол күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасында
12 шекарашы және бір қорықшы, ал 1 маусымда тағы екі шекарашының - барлығы 15 адамның мәйіті табылған. ҰҚК шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, заставадағы Арқанкерген постының ғимараты өртенген.
Тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы Владислав Челах маусымның 5-інде ұсталды. Маусымның 7-сінде Челахтың «серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарланды. Челахтың туыстары оған сенбейтіндерін айтты.
Қазанның 1-і күні «Арқанкерген бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі» деп қамауға алынған Владислав Челахқа «екі және одан да көп адамды өлтірді», «әскери қызметтен қашты», «әскери мүлікті зақымдады», «әскери қаруды ұрлады», «орманшы мен командирдің жеке мүлкін ұрлады» және «бөтен кісінің үйіне заңсыз кірді» деген айыптар тағылды.
Қаза тапқан 14 шекарашының үшеуінің – Денис Рей, Рүстем Ақылбаев пен Мейірхан Именовтің мәйіттері танылмады. Сарбаздардың ДНК сараптамасын анықтау үшін сүйектер Германияға жөнелтілді. Қыркүйектің 27-сі күні әскери прокуратура Ақылбаевтың ғана сүйегі анықталғанын айтты. Германиядағы сараптамадан анықталмаған екі мүрдені Рей мен Именовтің ата-аналары алудан бас тартқан.
ЗАСТАВА БАСТЫҒЫ ҮШ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Бүгін Арқанкерген бекетіндегі оқиғаға қатысты сотқа тартылған тағы бір азамат - Сарыбөктер шекара заставасының бастығы Алексей Фоминге де үкім шықты.
Талдықорған әскери гарнизонының судьясы Ержан Абдуллин Фоминді үш жылға
бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге үкім етіп, төрт жыл бойы мемлекеттік мекемеде қызмет ету құқынан айырды.
Фоминге "атыс қаруын заңсыз иеленді, сақтады және басқа адамға берді", "қызмет бабында жалған құжат жасады", "қызмет бабын асыра пайдаланды", "қызметінде әрекетсіздік танытты" деген айыптар тағылған еді. Сот оған тағылған соңғы екі айып алынып тасталғанын айтты.
Алексей Фомин 15 адам қаза тапқан оқиғада "шекара бекетімен байланыс үзілгенін әдейі жасырды және байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жасамады" деген айыппен маусымның басында қамауға алынған.