Алматыда студенттік фильмдер мен кино мектептердің «Бастау» халықаралық кинофестивалі төртінші рет өтіп жатыр. Онда 25 елден әкелген 190 туынды көрсетіледі.
Алматыда Иран кинофильмдерінің апталығы өтіп жатыр. Апталық кезінде ол елдегі цензурадан өткен бес фильм көрсетіледі.
Алматылық орнитологтар бүркіттің питомникте өскен үш балапанын бостандыққа жібермек. Саны азайып бара жатқан бүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына сирек құс ретінде енген.
Алматыдағы «Сұңқар» питомнигі бүркіттің үш балапанын зоология институтына табыстады. Ғалымдар бұл құстарды есейген соң бостандыққа жібереді.
Тағдыры қиын мүгедектер үшін қазіргі Қазақстанда өмір сүру тіпті ауыр. Жападан-жалғыз қалған кемтар жан не істей алады? «Быть или не быть?» фильмінің бас кейіпкері өміріне өзі қожа болар жігер тапты.
Гогольдің «Ревизор» комедиясының Алматы сахнасындағы сәл қысқартылған қойылымы туралы алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кейбіреулер спектакльдегі көріністерді Қазақстандағы қазіргі өмірмен байланыстырады.
Сурет өнері жұлдыздары Қазақстанға сирек келеді. Постсоветтік кеңістікте көп дау туғызғанымен, Батыста туындылары қымбатқа сатылатын танымал ресейлік суретшінің Алматыда көрмесі ашылды.
Алматыда Х халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды. Бағдарламаға Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің фильмдері енбеген. Есесіне бұл жолы Қытай фильмдері көп.
Алматыда ТМД елдері қуыршақ театрларының фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестивальде номинация да, қазылар да, жүлде де жоқ.
Алматыда Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева ұйымдастырған «Алма-Ата – моя первая любовь» ретрофестивалі он бесінші рет өтті.
Экология белсенділерінің қарсылығына қарамастан Алматы маңындағы Көкжайлау үстіртінде тау шаңғысы курорты салына бастады. Бірақ белсенділердің шатқалды қорғау акциялары жалғасып жатыр.
Алматылық Тұрым Алағұзовтың балалары әкелерінің 70 жылдық мерейтойына «Балалық шағымның жеті нотасы» деген көркем фильм тарту етті. Оның балалық шағы туралы фильмде Сталин дәуірінің құлдырау кезеңіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігі қамтылған.
Алматыда Республика сарайы алдындағы алаңда өткен этникалық музыка фестивалі алты сағатқа созылды. Оған үш құрлықтан 13 топ пен өнерпаз қатысты.
Қазақстан спорты тарихындағы зор табысқа жеткен мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Қазақстанда өткен әсерлі шоуына әлем жұлдыздары екінші жыл қатысты.
Қазақстандық археологтар Алматының 1000 жылдан көне тарихын дәлелдейтін деректер барын айтады. Олар бұл датаны халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу үшін ЮНЕСКО-ға өтініш жолдауды ұсынады.
Бірнеше қызық көрме ұсынылғанымен, биыл Алматыда өткен «Мұражайдағы түн» акциясына алдыңғы жылдарға қарағанда адам аз жиналды. Түнде мұражайларға қалалық автобус жүрмейді.
Қоғамда қарама-қайшы пікір туғызған Көкжайлау тау шаңғысы курортының жобасын жуырда мемлекеттік сараптамаға жібермек. Белсенділер қарсылығына қарамастан биыл жазда құрылыс басталуы мүмкін.
Кәсіби білімі жоқ композитор Сайрамбек Жексенбі (Сайраш) қазақ халқының тарихы туралы музыкалық трилогияның бірінші бөлімімен таныстырды. Алғашқы тыңдаушылар оның еңбегін жақсы бағалады.
«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасына қатысты жұрт көптен күткен қоғамдық тыңдау өтетін күн де, орын да ауыстырылды. Залдың көп бөлігін ұйықтап отырған студенттер толтырды.
Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толды. Оның есімі Қазақстан тарихына танымал актер, театр және кино режиссері, ұлттық кино өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде енді.
Тағы