Сәрсенбі күні өткен Парламент мәжілісінің жалпы отырысына депутат Ерасыл Әбілқасымов өткен жолғы уәде бойынша, президентке Үндеу әзірлеп келіпті. Ол Үндеуді жазар алдында Қазақстанның Үкімет басшысы Даниял Ахметов және Бас прокурор Рашид Түсіпбековпен Оңтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға байланысты әңгімелескенін айтты. Ал олар өз сөздерінде бұл жағдайды Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президентке жеткізетіні жөнінде уәде беріпті. Ерасыл Әбілқасымовтың айтуынша, президентке жазылған Үндеуде төрт басты мәселені көтерген. Ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысына адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруын емдеуге қажетті заманауи құрал жабдықтарды тездетіп жеткізу, сәбилердің ата-аналарына материалдық көмек көрсету және орын алған төтенше жағдайды жіті зерттеу. Ал Ерасыл Әбілқасымовтың өзі ғаламдық даму банкінен бір Вич-инфекциясының алдын алу үшін үстіміздегі жылы 27 миллион теңге бөлгенін айтады. Ол ақшаның қайда кеткені жөнінде Денсаулық сақтау министрі болған Ерболат Досаевтан сұрау керек дейді.
Алайда осы жерде айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысынан сайланған Мәжіліс депутаттары өзге өңірдің депутаттарына Шымкенттегі жағдайда жұмыстарың болмасын дегенге келтіріп, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Болат Жылқышиевке араша түсті. Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысы өңірінің депутаты Сатыбалды Ибрагимов:
«Кейбір депутаттар ВИЧ-инфекциясына шалдыққан сәбилердің арқасында саяси ұпай жинағылары келеді. Ал оңтүстік өңірден сайланған он депутатқа бұл жағдай олардан артық батып отыр», – деді.
Әріптесінің жоғарыдағы сөздеріне Серік Әбдрахманов төмендегідей жауап берді:
– Маған ешқандай саяси ұпайдың қажеті жоқ. Кімнің ұпайы жетпесе, сонымен бөлісуге даярмын. Мен біреудің түбіне жетейін, біреуді қызметінен алайын деген ниетпенен осы мәселеге қосылып жүрген жоқпын. Басшылар орнындарында мәңгі отыра берсін. Мәселе біздің балаларымызда ғой. 55 бала, былайша айтқанда, біреудің салғырттығынан жаны құрбан болып отыр.
Ал Оңтүстік өңірден сайланған депутаттардың бірі Төлебек Қосмамбетов әкім мен министрлерге тиісе бермей, әліптің артын бағайық дегенге келтірді:
– «Сабыр түбі сары алтын» деген сөз бар. Шамалы сабырлық сақтаған дұрыс қой деймін. Елбасы бұл мәселені білмей отырған жоқ. Ол бізден артық білмесе, кем білмейді бұл жағдайды.
Дегенмен оңтүстік өңірдің депутаттары өз әкімдеріне қаншалықты араша түскенімен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 20-күні Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевты қызметтерінен алып тастады. Ал Мәжіліс төрағасы Орал Мұхаммеджанов 55 сәбидің тағдырына байланысты аталған шенеуніктерді қызметінен алу – жазаның ең жеңіл түрі, жауаптыларға қылмыстық іс қозғап, қатаң жазаға тарту керек, деді.