Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысшылары бейсенбінің кешінен бастап жұмысты тоқтатты. Олар сол күні полиция қамап қойған УОС-5 мекемесінің жүргізушісі Таған Қощановты бостандыққа шығаруды және филиал директоры Киікбай Ешмановтың жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Жұмысшылар Таған Қощановқа қарсы «арандату жасалып, жала жабылды» деп санайды.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы «есірткімен ұсталды» деген негізбен полицияда қамауда отырған Таған Қощановтың кінәлі немесе кінәсіз екендігін заң орындары анықтайтынын айтып, жұмысшыларды өндірістік жұмысқа оралуға шақырған мәлімдемесін таратты.
«ЕСІРТКІ» МЕН ЕРЕУІЛ
Бүгін, қазанның 22-сінен бастап, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамының құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысшылары толық құрамда жұмысқа шығудан бас тартып отырғаны туралы хабарлады кәсіпорын жұмысшылары Азаттық тілшісіне.
«Мұнай-газ өндіру басқармасы-3» мекемесінің операторы Естай Қарашаевтың айтуынша, жұмысшылар қазір күнделікті жұмысқа аттанатын автобекетке жиналып тұр. Олар бейсенбі күні «есірткімен ұсталған» деген негізбен полиция қамауында отырған әріптестерін
Көлігіне қайта оралған Қощанов Тағанның ілулі тұрған арнаулы киімі төсқалтасынан сіріңке қорабын шығарып, ішінен 4 қағазға оралған гашиш пен героин тапқан.
Мұнайшылардың сөзіне сүйенсек, қазанның 21-і күні таңертеңгі сағат 9-да арнаулы техникаларымен жұмысқа келе жатқан «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының УОС-5 мекемесінің үш жүргізушісін қаланың сыртында жол полициясы қызметкерлері тоқтатып, спирттік ішімдік ішкен-ішпегенін тексеруден өткізетіндерін айтқан.
Алайда жүргізушілер машина есіктерінің жабылмайтынын ескертіп, «егер қандай да бір жағдай бола қалса өздерің жауап бересіңдер» деп талап қойғаннан кейін, полиция үшеудің бірі - А.Шәріповті көлік ішінде қалдырыпты. Ал алкогольге тексеруден өткен Таған Қощановқа «есірткі қабылдаған» деген қорытынды шығарған.
«Мұнай-газ өндіру басқармасы-3» мекемесінің операторы Естай Қарашаев Жаңаөзен қалалық полиция бөліміне барғанда көргенін Азаттық тілшісіне айтып берді.
– Мен қалалық ішкі істер бөлімінде болып, олармен сөйлесіп, түсініктемесін оқыдым. Жол полициясындағы тексеруден кейін сағат таңертеңгі 10-дарда көлігіне қайта оралған Қощанов Тағанның ілулі тұрған арнаулы киімі төсқалтасынан сіріңке қорабын шығарып, ішінен 4 қағазға оралған гашиш пен героин тапқан. Бірден қолына кісен салып, тергеу бөліміне алып кеткен, – деді Естай Қарашаев.
Жұмысшылардың хабарлауынша, Таған Қощанов қазір Жаңөзен қалалық ішкі істер бөлімінде қамауда отыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, «есірткі сақтаған» деген айып бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
«БАСТЫҚ ОРНЫНАН КЕТСІН!»
Жаңаөзен жұмысшылары бұған дейін де бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген. Өткен жылы қараша айында бір топ жұмысшы аштық та жариялаған еді. Ал биылғы наурыз айында жарты айдан астам уақытқа созылған мұнайшылар ереуілі кәсіпорын әкімшілігімен өзара бітімгершілік комиссиясы құрылып, талаптары орындалатын болған соң доғарылған болатын.
Алайда былтыр және биыл көктемде ереуілге шыққандарға әкімшілік тарапынан қысым көрсету жаздан бері жалғасып келеді дейді «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары.
Жұма күні автобекетке жиналған жұрт алдында сөйлеген Жаншалқам Сүйесінованың айтуынша, оның ері, УОС-5 мекемесінің электригі
Кәсіпорында жұртты бір-біріне айдап салатын арандатушылар пайда болды, жұмысшылар бір-бірінен сөз тасиды деп күдіктенеді, жағдай ушығып тұр.
– «Өзенмұнайгаздағы» мұндай қудалаулар жалғаса берсе, сонда жұмыс істейтін баламның тағдыры не болады? – деп уайымдайды Азаттық тілшісіне хабарласқан Жаншалқам Сүйесінова.
Кәсіпорында еңбек ететін жұмысшылардың бірі Талғат Сақтағанов мұның барлығына «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының қазіргі басшылығы кінәлі деп санайды.
– Бүгін мұнда төрт мыңдай адам жиналды. Біз Таған Қощановты босатуды талап етеміз! Сонымен бірге, осыған дейінгі ереуілдерге қатысқан белсенді азаматтарды қудалап, қысым көрсететін «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының бастығы Киікбай Ешмановтың жұмыстан кетуін талап етеміз. Ол келгелі кәсіпорында жұртты бір-біріне айдап салатын арандатушылар пайда болды, жұмысшылар бір-бірінен сөз тасиды деп күдіктенеді, жағдай ушығып тұр, – деді жұма күні Азаттық тілшісімен телефон ақылы сөйлескен Талғат Сақтағанов.
Ол биыл тамыз айының 9-ы күні өзімен бірге жұмыс істейтін Алтынбек Жайлауов және Қуанышбек Баймұхановпен қоса қала сыртында соққыға жығылғанын айтып, өткендегі ереуілдер кезінде белсенділік танытқандарға қарсы түрлі арандату әрекеттерін ұйымдастырып отыр деп кәсіпорын басшылығын кінәлайды.
Осыған дейінгі ереуілдерде белсенділік танытқандардың тағы бірі Естай Қарашаев өзін қыркүйектің 14-і күні Жаңаөзендегі ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақырғанын айтып берді.
– Менен жауап алып, «сен түрлі листовкалар таратып жүр екенсің, Алматыға барып оппозициямен кездесіп, «Алға» партиясының
Түрлі листовкалар таратып жүр екенсің, Алматыға барып оппозициямен кездесіп, «Алға» партиясының Ақтаудағы филиалын ашпақ ойың бар екен деген айыптар тақты.
Ол осы оқиғадан кейін қалалық полиция бөлімінде болып, өзін соққыға жыққан адамдарға фоторобот жасатып іздеу салып көрмек болған әрекетінен ештеме шықпағанын айтады.
Естай Қарашаевтан жауап алуға қатысты түсініктеме алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау департаментіне хабарласқан Азаттық радиосы тілшісіне кезекші қызметкер телефон арқылы қандай да болмасын түсініктеме бере алмайтынын айтып, қысқа қайырды.
Ал, жоғарыда айтылған сын-айыптауларға байланысты «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы бастығы Киікбай Ешмановтің пікірін білмек болып, бірнеше мәрте қоңырау шалғанымызбен, оның телефондарды жауап бермеді. Филиал кеңсесінің телефондарын да ешкім көтермеді.
Жұмысшылардың айтуынша, жұма күні автобекет басына орынбасарларымен бірге келген «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы бастығы Киікбай Ешманов жиналған жұртты жұмысқа шығуға шақырғанымен, оған жұмысшылар көнбеген.
Автобекет жанында тұрғандар сол маңда қалалық әкімдік пен қала прокуратурасынан, полиция және ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері де жүргенін айтты.
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» МӘЛІМДЕМЕСІ
Жұма күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары түнгі вахтаға шықпай, Жаңаөзендегі автобекет маңында жергілікті атқарушы органдары тарапынан рұқсат етілмеген жиын өткізіп жатқандығы туралы ресми хабарлама таратты.
Онда «жиынға қатысушылар ешқандай еңбек және әлеуметтік-экономикалық талаптар қойған жоқ. Құқық қорғау органдарынан алынған ақпараттар бойынша, Таған Қощанов есірткі заттарын қолданған деген күдікпен қолға түскен. ҚМГ БӨ Таған Қошановтың кінәлі немесе кінәсіз екендігі қатаң түрде заңға сәйкес анықталып, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары жақын арада жағдайды бақылауға алады деп сенеді» деп жазылған.
Жедел баспасөз ақпаратында «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру компаниясы жұмыскерлерін қалыпты өндірістік жұмысқа оралуға және заң шеңберінде әрекет етуге шақырып отырғаны баяндалған.
Осы мәселеге орай Азаттық тілшісі жұма күні Жаңөзен қалалық ішкі істер бөлімі бастығы Болатбек Ақшауовпен сөйлескен еді. Алайда полиция бастығы телефонмен ешқандай түсініктеме бермейтінін алға тартып, Азаттық тілшісінің сауалдарына жауап беруден бас тартты.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының өндірістік филиалы – «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны жұмысшылары биылғы наурыз айының басынан үш апта бойы ереуіл өткізіп, оған мыңдаған адам қатысқан болатын.
«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының бұған дейін өткізген наразылық акциялары туралы Азаттық радиосы хабарларын мына жерден оқыңыз: