Accessibility links

Азаттық радиосының тұңғыш кітабы еркін сөз иелеріне арналды


«Блогстан» кітабы - 2010 жылы www.azattyq.org вебсайтында жарияланған үздік блог-жазбалар жинағы.
«Блогстан» кітабы - 2010 жылы www.azattyq.org вебсайтында жарияланған үздік блог-жазбалар жинағы.

Жуырда Азаттық радиосының ерекше жобасы ретінде дүниеге келген «Блогстан» жинағына 2010 жылы azattyq.org веб-сайтында жарияланған блогшылардың үздік жазбалары енді. Қазақстанда басылып шыққан тұңғыш блог-жинаққа кірген авторлар кімдер?


2010 жылдың басында Азаттық радиосы жаңартылған "Блогстан" айдарын ашқан болатын. Санаулы айдың ішінде Азаттық радиосының блог-платформасы кеңінен танымал бола бастады. Қазір ондаған қазақстандық блогшы осы веб-сайттың тұрақты авторларына айналды.

Олардың блогтарында Қазақстанның саяси, әлеуметтік және мәдени өмірі қамтылған. Блогшылардың ерекшелігі - олар әдетте қазақстандық баспасөз сырт айналып өтетін, не бейресми цензураға ұшыраған тақырыптарды қозғайды.

Біздің azattyq.org веб-сайтымыздағы «Блогстан» бөлімі Қазақстанда тыйым салынған «Живой журнал» және «Блоггер» блог-платформаларына балама ретінде ашылған болатын. Қазақстандық интернет-пайдаланушылар биыл қараша айының ортасында ғана, Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында «Живой журнал» мен «Блоггер» платформаларына кіруге мүмкіндік алды.

«Блогстан» жинағына неғұрлым танымал, көп оқылған (көп қаралған) және көп пікір тудырған блогтар іріктеліп алынды. Интернет оқырмандардың аузына жиі ілінген блогшылардың қатарында мына авторлар бар:

1. Нұрберген Мақым«С...к сасыған қоғам, сэр!»

2. БалғырғанЖүйе

3. Ерлан ОспанТабиғи ақиқаттар жәрмеңкесі

4. Қанағат Әбілқайыр - Құныңыз қанша, Басеке?

5. Қанағат Әбілқайыр - Тәуелсіздік

6. Кенесары - Тәуелсіз Қазақстанда өзгеріс жоқ!

7. Кенесары
- Дотациядағы ұлт

8. БалғырғанЖалғыз жарнама

9. Оспан Рақымбек - Миллиардтан алған бір әсер

10. Кендіқұл - «Алтын бұзау» немесе Қасиетті сиыр

11. Ерлан Оспан - Үш жүз қазақстандық

12. Кендіқұл - Неге керек? (эмоциясыз әңгіме)

13. Кенесары - Төртінші билік, аман бол!

14. Кендіқұл - Жарылған сыздауық

15. Өміржан Әбдіхалықұлы - Мен сені жек көремін, Уақыт!

16. Аршат Оразов - Қазақ интернеті неге дамымай жатыр?

17. Ермек Болтай - «Феррари» мінгім келеді...

18. Кендіқұл - Қазақтың әңгімесі

19. Ермек Болтай - Бұл соғыс менің түсім бе?

20. Жалғас Ертай - Провинциалдың ойлары :)

21. Қайыпсұлтан - Сөз сорап

22. Ермек Болтай - «Нұр Отан» үшін отқа түс – күймейсің, суға түс – өлмейсің»

23. Мейіржан Әуелханұлы - Қазақ ұлты енді 200 жыл өмір сүре ала ма?

24. Серік Мұратхан - Қазақ ұлтшылдарының басы неге бірікпейді?

25. Қиясбай - Мен қазаққа таң қаламын

26. Оспан Рақымбек - «Күлсем, қуана алмаймын...»

27. Ермек Болтай - Астана, Бәйтерек және көкемнің тракторы

28. Ермек Болтай - «Менің бием түк жеген жоқ»

29. Жұлдыз Әбділда «Қазақ десең, өзіңе тиеді...»

30. Серік Мұратхан - Қазақ журналистикасындағы «әттеген-айлар»

31. Қиясбай - Бұл халыққа обал жоқ

32. Есенбек Базарқұл
- Шәмші Цойдың қалқасында қалды

33. Кенесары - Мейірі қанбаған ұлтшылдық

34. Өміржан Әбдіхалықұлы - Қайран да менің ен далам...

35. АқзереКолледж: түсу не түспеу?

36. Оспан Рақымбек - Үрімжі әуежайында

37. Айдын Барыс - Төкеңнің атына тротуар беріледі!

38. Өміржан Әбдіхалықұлы - Күнәден арылу немесе есепке тұтылған ораза

39. Есенбек Базарқұл - Қазақ емессің бе! Намыс қайда?!

40. Мейіржан Әуелханұлы
- Халың қалай, ана тілі оқытушылары

41. Кендіқұл - Қазақтың қарызы қайда қалды?

42. Серік МұратханӘн

43. Серік Мұратхан
- Ағаш түбінде қоян күтіп отырмыз

44. Кендіқұл - Ақ көйлек, қара хиджап...

45. Ермек Болтай - Қытай жауынгерлері 100 грамм ішпейді екен

46. Қиясбай - Хан дойбы, көп Нұрсұлтан және... менің марқұм күшігім

47. Серік Мұратхан
- Астана мешіттерінде Алланы аз айтады, ЕҚЫҰ-ны көп айтады

48. Кендіқұл - Құдай-ай, мәңгілікке кетер ме екен?

49. Қиясбай - Әулиеағаш, Қыз әулие һәм Будданың мүсіні

«Блогстан» кітабын алғысы келетіндер радиомыздың Алматыдағы бюросына хабарласуына болады. Бюро Алматы қаласындағы Ұлттық баспасөз клубы ғимаратында орналасқан. «Блогстан» кітабы сатылымда жоқ, жинақ сатылмайды.

Құрметті оқырман, сізді «Блогстанда» күтеміз. Көкейіңізде жүрген ой-пікіріңіз болса, блогыңызды жазып, фотосуретіңізбен бірге blogstan@rferl.org адресіне жіберіңіз. Бейне және аудиожазбаларды «Хабар – сізден» айдарына да жолдауға болады. Азаматтық ұстанымыңызды білдіріп, форумдардағы пікірталасқа да ат салысыңыз.

Азаттық радиосында цензура жоқ. Бұл - біздің Қазақстандағы көптеген ақпарат құралдарынан басты артықшылығымыз.


«Абайдың қара сөздері» жазылған үнтабақ пен 2010 жылы www.azattyq.org вебсайтында жарияланған үздік блог-жазбалар жинағының Алматыда өткен тұсаукесер кешінен түсірілген видеоны қараңыз

 Қос жинақтың тұсаукесері
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:39 0:00
XS
SM
MD
LG