Accessibility links

Грекияда жаппай ереуіл екінші күн жалғасып жатыр


Наразылық акциясына шыққандар мен полиция арасында қақтығыстар болды. Афина, 19 қазан 2011 ж.
Наразылық акциясына шыққандар мен полиция арасында қақтығыстар болды. Афина, 19 қазан 2011 ж.
Грекияда үкіметтің бюджет қаржысын қатаң үнемдеу шараларына қарсы жалпыұлттық ереуіл екінші күнге жалғасып жатыр.

Борыш дағдарысына белшеден батып, дефолт қаупі төнген Грекия үкіметі халықаралық қауымдастықтан кезекті қаржылай жәрдем алу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Үкімет шаралары туралы тиісті заң жобасын кеше кешке алдын ала мақұлдаған ел парламенті бүгін бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауы тиіс.

Салықты ұлғайтып, мемлекеттік және әлеуметтік салаларға шығынды барынша қысқарту және бюджет қаржысын қатаң үнемдеу туралы үкіметтің ұсынысына грек қоғамында қатты қарсылық білдіріп жатыр.

Ел астанасы Афинада ереуілдің алғашқы күні тәртіпсіздіктерге ұласты. Полициямен қақтығыста жиыны 45 адам зардап шегіп, 5 адам ұсталды.

Елдің бірқатар қалаларында өткен наразылық шараларына кемінде 125 мың адам қатысқаны туралы айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG