Алматы қаласының тұрғыны, қолданушы Берік Сатыбалды кейбір сайттар Қазақстан территориясынан ашылмайтындықтан анонимайзер мен прокси-сервер сияқты қызметтерді қолдануға тура келетінін айтады.
– Қазақстан территориясынан оппозициялық сайттар мен LiveJournal блог-тұғыры ашылмайды. Браузерімдегі закладкалар ішінен «анонимайзерлер» деген бір папка ашып қойғам. Ресейлік ru доменіндегі емес басқа com, org анонимайзерлерін пайдаланамын. Негізі ақпаратқа жолды жабу, оны ел аумағында бұғаттау интернет қолданушылардың сол құпия ақпаратқа деген қызығушылығын жоймайды, керісінше блокировкаларды айналып өтетін жолды іздетеді ғой, – дейді қолданушы Азаттыққа.
Қазір Қазақстан территориясынан ablyazov.org, socialismkz.info, Livejournal блог-тұғыры сияқты сайттар ашылмайды. Әзірге Қазақстанда LiveJournal тұғыры ғана сот шешімімен жабылған.
2012 жылдың желтоқсан айында елде 8 оппозициялық БАҚ пен 23 сайт сот шешімімен «экстремистік» деп танылып, қызметтеріне тегіс тыйым салынған болатын.
«ЦЕНЗУРАНЫ ЗАҢДАСТЫРУ»
Қазан айында жарияланған Freedom House ұйымының есебінде әлемде соңғы кезде әлеуметтік желі қолданушыларын ұстаудың жиілегені, интернетті шектейтін заңдардың күшейіп, интернетті бақылау әрекетінің күшейгені туралы жазылған.
2012 жылдың мамыр айы мен 2013 жылдың сәуір аралығындағы әлемдегі интернет бостандығын саралаған ұйымның жазуынша, осы уақыт аралығында Қазақстанда 15 рет интернетке жол жабылған, 12 рет интернет-контентке шектеу қойылған, 21 рет қолданушылардың құқығы бұзылған.
Freedom House елде бұрынғыша тәуелсіз, оппозициялық сайттарды жабу амалы қолданылып отырғанын атап көрсетеді. 2013 жылдың қаңтар айында елде тұңғыш рет «өсек-аяң тарату» айыбы бойынша қолданушының интернетте жазған жазбасы үшін жауапкершілікке тартылғанын жазады.
«2012-2013 жылдары Қазақстан үкіметі интернет қолданушылардың белсенділігін бақылау үшін заңды-заңсыз механизмдерді қолдануды жалғастырып келеді. Анонимайзерлерге шектеу сол күйінше қалған, 2012 жылдың наурыз айында «Тор» жобасы DPI технологиясын кемінде бір телекоммуникация провайдерінің қолданғанын дәлелдеген. Бұған қоса, екі адам салық комитеті өкілінің блогында жасырын атпен жемқорлық жайлы пост жазғаны үшін бір жылға сотталған» деп жазылған баяндамада.
Елде соңғы кезде қабылданған заңдарға («Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы заңға» енгізілген өзгерістер – ред.) сүйенген халықаралық ұйым «Қазақстан онлайн цензураны бұрындары жасырын, сирек жасап келсе, енді оларды «заңдастыруға» көшті» деп санайды.
«ЫҢҒАЙСЫЗ ЕРЕЖЕ»
Халықаралық ұйымның есебінде әлемде кездесетін интернетті шектеудің негізгі он амалы-тәсілі (фильтрация, кибершабуылдар, шектейтін жаңа заңдар қабылдау, жалданбалы үкіметтік комментаторлар, блогерлерге шабуыл жасау, өлтіру, әлеуметтік желіні жабу, т.б.) көрсетілген.
Жоғарыда аталған тәсілдердің басым бөлігі Қазақстанда бар деп санайтын Liberty қоғамдық қорының жетекшісі Ғалым Ағелеуов Freedom House ұйымына әлеуметтік желіде пікір жазғаны үшін жауапқа тарту амалы қолданылып жатқанын айтқан. Ол мысал ретінде Ақтөбеде қамалған белсенді Тұрарбек Құсайыновтың жағдайын келтірген.
«Қылмыстық кодекстегі 164-бап («әлеуметтік араздық қоздыру») азаматтарды іс жүзінде көзқарасын білдіргені үшін жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Билік соңғы үш жылда осы баппен қоғамдық топтарды бақылап, неғұрлым белсенді әлеуметтік желі қолданушыларын қамауға тырысып келеді» деген ол.
Қазір қамауда отырған ақтөбелік белсенді Тұрарбек Құсайыновқа бұған дейін «жалған электрондық пошта арқылы ақпарат құралдарына «ру аралық жаулық пен араздық қоздырушы хат жолдаған» деген айып тағылған болатын.
Халықаралық ұйымның баяндамасымен таныс екенін айтқан Qazaq Media агенттігінің жетекшісі, блогшы Жалғас Ертай есепте қамтылған жайттардың бәрімен келісе қоймайтынын айтады. Ол есепте айтылған «жалданбалы блогшы» мен «үкіметтік блогшылардың» бар екеніне сенбейді.
Бірақ блогшы елде кибер шабуылдар мен сайттарды жабу тәсілдері кездесетінін жоққа шығармайды.
– Бұған қоса, жеке өзіме ұнамайтын ыңғайсыз ереже бар. Бұл – «қазақстандық .kz доменінде тіркелген сайттардың барлығы физикалық түрде Қазақстан территориясында орналасқан серверлерде болу керек» деген ереже. Бұл тікелей контенттің өзін шектемегенмен сайттардың әрекет ету амалын шектейтін сияқты. Егер хостингіңіз Қазақстанда орналасқан болса, сәйкесінше Қазақстан үкіметінің де сізді басқаруы оңайырақ болады. Осы ереже салдарынан қазір өздерін «тәуелсіз» деп атап жүрген көптеген басылымдар .net, .com сияқты домендерге кетті, – дейді Жалғас Ертай.
Қазақстан Freedom House есебінде интернеттегі сөз бостандығы бойынша ТМД елдері арасында соңғы орындардың бірінде тұр. Армения мен Қырғызстан бастаған ТМД-лық тізімде Қазақстан тек Беларусь пен Өзбекстаннан озған. Әлем бойынша тізімнің басында Исландия ал, ең соңында Иран тұр.
2013 жылдың сәуір айында әлемдегі үкіметтер тарапынан контентті жабу туралы сұраныс көбейгенін мәлімдеп есеп жариялаған Google компаниясы 2012 жылы шілде мен желтоқсан аралығында Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан YouTube пен өзге де ресурстағы 22 материалды жоюға өтініш түскенін мәлімдеген. Олар бұл ресурстарда «зорлық-зомбылық мазмұндағы ақпараттар», «ұлттық қауіпсіздік» пен «жеке деректер» бар деп түсіндірген.
Өткен аптада ресми мәлімдеме жасаған Қазақстан бас прокуратурасының өкілі «ақпарат және коммуникация министрлігінің жекелеген әлеуметтік сайттарды бұғаттайтын мүмкіндігі жоқ екенін, бірақ жекелеген сайттарды бұғаттай алатынын» хабарлаған.

Google 2012 жылы шілде мен желтоқсан аралығында Қазақстан тарапынан 22 материалды жоюға өтініш түскенін мәлімдеген.