Accessibility links

Байқоңыр маңынан ғарыш аппараты сынықтары табылды


Полицей ресейлік "Союз TMA-11M" зымыранын күзетіп жүр. Байқоңыр, 5 қараша 2013 жыл.
Полицей ресейлік "Союз TMA-11M" зымыранын күзетіп жүр. Байқоңыр, 5 қараша 2013 жыл.
Байқоңыр ғарыш айлағының маңынан ғарыш аппаратының сынықтары табылды деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Ғарыш аппаратының сынықтары 5 қарашада жергілікті уақытпен сағат 13.55-те Қазалы ауданындағы Қожабақы ауылынан үш шақырымдай жерден табылған. Ол жерді полиция қызметкерлері қоршауға алып, арнайы жұмыс комиссиясы құрылған.

«Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ» деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Соңғы рет Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышы 26 қазанда ұшырылған.

Бұған дейін "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің өкілі Мейірбек Молдабеков Ресей 2014 жылы Байқоңырдан 16 "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруды жоспарлап отырғаны туралы айтқан еді.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларына түрткі болды. Бұл апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа 30 қыркүйекте ұшырылған.
XS
SM
MD
LG