Accessibility links

Қарқаралыдағы өрт аумағы бес есе ұлғайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өрт аумағы бес есеге ұлғайып, бір тәулікте 2700 гектарға жетті. Өртенген аумақтың мың жарым гектары мемлекеттік орман қорына кіреді. Бұл туралы 14 тамызда ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ орынбасары Юрий Ильин 14 тамызда өткен брифингіде Қарқаралы ауданындағы жағдайдың қиындағанын айтты. Оның сөзінше, өртті сөндіруге орман шаруашылығы комитетінің, жергілікті әкімдіктің және ІІМ бөлімшелері тартылған.

12 тамызда Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қураған шөп өртеніп, жалын Бақты орманына қарай өткен.

13 тамызда Қарқаралы ауданы әкімдігі аймақта төтенше жағдай жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG