Accessibility links

Азаттық зерттеуі SOPA сыйлығын алды


Азаттық радиосының 2023 жылы жариялаған Қазақстан мен Қырғызстандағы компаниялар санкцияға ілінген Ресейге жоғары технологиялы құралдар жібергені жайлы зерттеу Азия баспагерлері қоғамының (SOPA) жүлдесін алды.

Азаттық зерттеуі аймақтық байқауда Excellence in Technology Reporting ("Технологияларды түсіндіру жағынан") санаты бойынша үздік деп танылды. Әділқазылар зерттеудегі "деректер терең және жан-жақты талданғанын" атап өтті.

Зерттеуде Ресейдің Украинаға басқыншылығынан соң Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге жіберілетін құралдардың кұрт артқаны көрсетілген. Ресей асқан құралдардың арасында Батыс компанияларының электронды құралдары да бар. Бұл құралдар Ресейдің Украина қалаларын атқылаған қаруларынан табылған.

Зерттеуді Азаттықтың Қазақ және Қырғыз қызметтері Украин қызметінің "Схемы" зерттеу тобымен бірлесе жасаған. Жеңімпаздарды өткен аптада Гонконгта хабарлады.

SOPA Award – Азия баспагерлері қоғамы беретін сыйлық. Ол 1999 жылы құрылған және Азиядағы журналистика мен баспа саласындағы ең беделді марапаттардың бірі.

SOPA сыйлығын баспа және онлайн басылымдарға, радио мен теледидарға жоғары редакция шеберлігі үшін береді. Ағылшын және қытай тіліндегі байқау 20-дан астам номинация бойынша өтеді, оның арасында зерттеу журналистикасы да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG