Президент Назарбаевтың қазанның 24-і күні Минскіде Ресейдің Кеден Одағындағы рөлін сынап сөйлеген сөзінен соң кейбір қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары «ел сөзін сөйлеген Елбасы» деген сипатты жаппай мадақтау сөздерін жаза бастады. Керісінше бұл мәлімдемені сынап шыққандар да болды.
«КЕДЕН ОДАҒЫ РЕСЕЙ ҮШІН КӨБІРЕК САЯСИ ҰЙЫМ»
Қазанның 24-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь астанасы Минск қаласында өткен Еуразиялық жоғары экономикалық кеңес жиынында Кеден Одағындағы экономикалық кедергілер туралы айтып, "Ресей интеграциялық процестерді саясиландырып отыр" деген пікір білдірген еді.
Азаттықпен сөйлескен сарапшылар Назарбаевтың бұл жолғы сөзінде жаңалық жоқ екенін, Қазақстан президенті Кеден Одағына қатысты көптен бері айтылып келе жатқан сынды енді мойындап отырғанын айтады. Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстан үшін Кеден Одағы экономикалық жоба болса, ал Ресей үшін геосаясат құралы екені басынан белгілі болған деп ойлайды.
- Бұл интеграциялық жоба жұмыс істей бастаған кезде барлық детальдары сыртқа шыға бастады. Бірлестіктің Қазақстан экономикасы үшін пайдадан гөрі зиян екені анықталды. Яғни, ресей-беларусь импорты көбейіп, Қазақстан нарығы тарылды. Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімінің Ресейге экспорты шектелді. Менің ойымша, президент көптен бері айтылып келе жатқан нәрсені мойындады, - дейді ол.
Досым Сәтпаев президент Назарбаевтың Кеден Одағы аясында мұндай қатаң сынды алғаш рет айтқанына да назар аударады.
- Бұған дейін айтып келгені негізі дипломатиялық реверансқа көбірек келген. Менің ойымша, енді Қазақстан үшін осы саясатты әрі қарай да ұстану өте маңызды. Яғни, экономикалық мүддені нақты қою. Президенттен кейін Қазақстан тарапынан келіссөзге қатысушылар дәл осындай қатаң позицияны ұстануы керек, - дейді ол.
«ХАЛЫҚТЫ АЛДАРҚАТУ»
Қазақстан тарапынан айтылған сынға Ресейдің құлақ асуы неғайбыл деп санайтын көзқарастағы саясаттанушылар да бар. Ондай пікір иелері Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері Назарбаевтың соңғы сынына қарамастан тарыла түседі деп қауіптенеді.
Саясаттанушы Расул Жұмалы Кеден Одағының аясында Қазақстанды экономикалық мүдделерін қорғау жөнінен кейбір ТМД елдерінен сабақ алуға шақырады. Ол өткен аптада Кеден Одағына кірмейтіні туралы мәлімдеген Әзербайжанның позициясын да атай кетті.
- Айталық, Беларусь Кеден Одағының бізге қажеті болмаса, біз одақтан шығамыз деді. Әзірбайжан болса Кеден Одағында Ресей үстемдігі жүріп отырғанда мүдделеріне қайшы келетінін айтып, кіруге ықылассыз екенін білдірді. Кезінде ресейшіл болып көрінген саясаткер Виктор Янукович келсе де украин халқының тілегені – Еуропа Одағымен жақындасу. Осындай шарттар қойған жағдайда Ресей олармен әлдеқайда көбірек санасады. Меніңше, Қазақстан да осындай тәжірибелерден сабақ алуы керек, - дейді ол.
Минскідегі Назарбаевтың тосындау естілген Ресейге қатысты сынын соңғы уақытта Кремльдің Кеден Одағы мен Байқоңырға қатысты саясатына қарсы шығушы наразы қазақстандықтарды алдарқату деп қабылдағандар да бар. Саясаткер Болат Әбішевтің пікірінше, бұған дейін Қазақстан қоғамында Кеден Одағына қатысты көп сын айтылды. Дәл сондай жағдайда «бұл халықтың наразылығын бәсеңдету, сұранысын қанағаттандыру» болып көрінетінін айтады.
Кеден Одағы мен Байқоңырға қатысты Ресейдің саясатына қарсылық білдіру шаралары туралы мына жерден оқыңыз:
- Бұлай болары Кеден Одағына кірер кезде белгілі болған еді. Назарбаевтың ендігі айтып жатқан әңгімелері халыққа көз қылу, - дейді саясаткер Болат Әбішев.
Кеден Одағы – Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында 2007 жылы экономикалық интеграцияны күшейту мақсатында салықтан босатылған біртұтас кедендік территория ретінде құрылған ұйым. Одаққа үш ел (Беларусь, Қазақстан және Ресей) мүше, екі ел (Армения, Қырғызстан) мүше болуға дайын екендерін мәлімдеген. Жоғарғы органы – мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының деңгейіндегі мемлекетаралық кеңес. Одақ жұмысын Мәскеуде орналасқан Еуразиялық экономикалық комиссия үйлестіреді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскідегі сөзі. 24 қазан 2013 жыл

"АНТИГЕПТИЛ" БЕЛСЕНДІЛЕРІ ТАЛАПТАРЫН АЙТТЫ
АҚШ ЭКОНОМИСІ: "КЕДЕН ОДАҒЫНАН САҚТАНУ СЕБЕПТЕРІ"