Ақмола облысы Бестөбе ауылының тұрғыны Айман Сәдуақасованың ұлы Айдар Астанадағы Республикалық балаларды сауықтыру орталығында ем қабылдап жатыр. Оның ұлына «Психикалық және сөйлеу қабілетінің бұзылуы» деген диагноз қойылған. Бұған дейін Айман баласын Астанадағы ауруханаларда ақылы түрде емдетіп келген. Таңнан кешке дейін ойлау қабілетін дамытатын жаттығулар жасатқаны үшін күніне 4500 теңгеден төлеген.
Ал Республикалық балаларды сауықтыру орталығына квота арқылы берілетін тегін жолдаманы үш ай күткен. Оның айтуынша, орталықта жатып емделгеннен кейін жуырда ғана 7 жасқа толған баласының денсаулығы біршама жақсарған.
- Осында келген 23 күннің ішінде ол біршама жақсы болып қалды. Бұған дейін ол отыра алмайтын еді. Қазір отырады. Сосын, өзінің інісімен ғана ойнайтын. Қазір ашылып, балалармен де ойнап жүр, - дейді Айман Азаттық тілшісіне.
2007 жылы Астана қаласында ашылған сал ауруына шалдыққан және психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды сауықтыру орталығы – заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және үздік мамандар шоғырланған Қазақстандағы негізгі емдеу мекемесі деп сипатталады. Жаңа ғимаратты аралап жүріп елдің түкпір-түкпірінен келген ата-ананы кезіктіруге болады.
Бірқатар пациенттер Айдардың анасы сияқты балаларының оңала бастағанын айтады. Бірақ бірнеше аптаға ғана созылатын ем-домның алыстағы ауылдарына қайтқан соң үзіліп қалатынын айтып мұңаяды.
ЕКІ ЖАРЫМ ЖЫЛ КҮТКЕН ЖОЛДАМА
Қызылорда облысы Арал ауданынан келген Гауһар Төлебаева Астанадағы сауықтыру орталығына берілетін жолдаманы екі жарым жыл күткенін айтты.
Қызы Диляра 6 айға толғанда мойны мен белін ұстай алмайтынын аңғарған ол квота алуға талпынады. Алайда, Астанадағы орталыққа тек 1 жастан бастап қана қабылдайтынын біледі. Қызы екі жарым жасқа келгенде жолдамаға қажет барлық құжаттарды жинастырып тапсырады. Ақыры Диляра 5 жасқа келгенде жолдама алудың сәті түседі.
Гауһар осында келгелі бері қызының жүрісі дұрысталғанын, бұрынғыдай құлап қала бермейтінін айтады. Дегенмен ол ем қабылдауға берілетін жолдаманың 24 күні жеткіліксіз деп санайды.
- Психолог, дәрігер мамандардан ем қабылдауға 24 күн жеткіліксіз. Балама ем қабылдауды «сабақ» деп үйреткем. Енді күнде «Сабаққа барамын» деп талпынып тұрады. Енді қайтып келетін шығармыз. Бірақ, келесі квотаны қашан беретінін білмеймін, - деді Гауһар Төлебаева.
«ЖОЛДАМАНЫ КҮТЕ-КҮТЕ АҚЫЛЫ БӨЛІМГЕ КЕЛДІК»
Бірақ жылдап күтсе де, орталыққа әр облысқа бөлінетін квота бойынша берілетін жолдамаға қолы жетпей жүрген ата-аналар да бар. Солардың бірі – Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сәуле.
Түрлі себеппен фамилиясын атағысы келмей, суретке түсуден бас тартқан келіншек екі жасқа қараған баласын емдетпек болып келіпті. Өз сөзінше, ол жолдаманы бір жыл күткен. Алайда квотаға қолы жетпей ақыры орталықтағы ақылы бөлімге жатқан.
- Балам отырмайтын, тіпті, аяғының ұшын да баспайтын. Құлағы естімейтін. Маған дәрігерлер «Балаң ауыр науқас» деген. Жолдамаға қол жетпегесін әке-шешем 500 мың теңге көмек берді. Осындағы ақылы бөлімге келгелі балам отырды. Қолына күш жиналды. Қолын тірей алады. Орталықта ақылы бөлімде 5 күнге 97 500 теңгеден екі рет төледім. Сонда анализдерін қоса есептегенде 10 күнге 200 мың теңгедей болды. Жол шығынын қоса есептегенде, 500 мың теңгедей шықты. Маған 6 айдан кейін келу керектігін айтты. Қайта келуге менің ақшам жоқ. Өзім жұмыссызбын, - деп Сәуле мұңын шақты.
«ОРЫН ЖЕТПЕЙ ЖАТЫР»
Республикалық балаларды сауықтыру орталығының басшысы Шолпан Бөлекбаева Азаттық тілшісіне орталықта жылына орташа есеппен 4200 бала емделетінін айтты. Орталықта бір уақытта 300-ден астам бала және оларға ере келген 200 ата-ана ем қабылдайды. Шолпан Бөлекбаева квота-жолдаманың әрбір облыстық денсаулық сақтау басқармасының құзырында екенін, олар қолдарындағы тізімге қарап балаларды емдеуге жіберетінін айтты.
- Орталықта 330 орын ғана бар. Көп емделуші сыймайды. Сондықтан орын жетпегесін кезек созылады. Қазақстан бойынша ем көрсететін осындай орындардың барлығында да орын жетпей жатыр. Бізге келетіндер балам тезірек сауығып кетсін дейтін шығар. Өз облысының еміне қанағаттанбайтын шығар. Сол себепті шет елге барып емделетіндер де бар, - деді ол.
Ал қыркүйек айында Алматыда бір топ қоғамдық белсенді Қазақстандағы сал ауруына шалдыққан балалардың ата-аналарына арнайы жаттығулар жасауды үйрететін видео дәріс дискілерін таныстырды. Белсенділердің айтуынша, Қазақстанның Австриядағы студенттер қауымдастығының Our Help Is In Your Hands атты бұл жобасын жүзеге асыруға Венадағы балалар клиникасының физиотерапевтері қатысқан.
Ұйымдастырушылардың бірі Аима Саматованың Facebook парақшасында жариялаған мәліметіне сәйкес видеожаттығулар жуыр уақытта қауымдастықтың www.kssa.at сайтына ілінеді. Ал интернетке қолы жетпейтін немесе видеомагнитафоны жоқ алыс аймақтардағы ата-аналарға арнайы брошюра дайындалған.
Республикалық балаларды сауықтыру орталығының мәліметінше, қазір Қазақстан бойынша сал ауруына шалдыққан балалардың саны 12 мыңнан асқан. Ресми мәлімет бойынша Ресейде жаңа туған 1 мың балаға сал ауруына шалдыққан 5 баладан, Өзбекстанда – 6 баладан, Қазақстанда 3 баладан келеді. Дамыған елдерде бұл көрсетіш мың балаға шаққанда – 2,5 бала.