Алматыда қаңтардың 14-16-сы аралығында Ислам даму банкінің аймақтық форумы өтіп жатыр. Форум қаржы институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған.
Жиынға Ислам даму банкі қызметін тұтынатын 11 елдің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Албания, Ауғанстан, Иран, Пәкістан) өкілдері қатысып жатыр. Форумда банктің 40 жылдағы қызметі қорытындыланып, алдағы 10 жылдағы аймақтық, әлемдік стратегиялық міндеттері талқыланбақ.
Форумға жиналғандар "Әлемдік исламдық қаржы секторының дамуына септесу" және "Ислам даму банкіне мүше емес елдердегі мұсылман қауымдарының дамуына септесу" деген тақырыптарда екі семинар өткізген.
Қаңтардың 16-сы күні Орталық Азияның экономикалық келешегіне қатысты дөңгелек үстел өтпекші. Оның жұмысына аймақтың жетекші экономист ғалымдары шақырылған.
Ислам даму банкінің бұған дейінгі Тынық Мұхит аймағы елдері форумы - Куала-Лумпурда (Малайзия), Африка елдері форумы - Дакарда (Сенегал), Парсы шығанағы елдері форумы - Джиддада (Сауд Арабиясы) өткен.
Ислам даму банкі 1973 жылы желтоқсанда Джидда қаласында халықаралық қаржы институты ретінде құрылған. Банктің мақсаты - оған мүше елдердің және мүше емес мемлекеттердегі мұсылман қауымдарының экономикалық дамуы мен әлеуметтік көркеюін шариғат талаптары негізінде нығайту. Банк құрылғалы бері оған 56 мемлекет акционер болып, 98 миллиард доллардың жобасына демеушілік жасаған. Оның 27 миллиард доллары Алматыда өтіп жатқан форумға қатысушы 11 елге тиесілі.
Бұл қаржының Қазақстанға тиесілі бөлігі - 1,3 миллиард доллар көбінесе қаржы және көлік саласына жұмсалған, аз бөлігі денсаулық сақтау саласына арналған. Банк Қазақстанның білім беру саласы мен ауыл шаруашылығы ақша бөлмеген.
Ислам банктері Қазақстан нарығына 2007 жылдан бастап белсенді түрде кіре бастады. Ал 2009 жылы Қазақстанда исламдық банкинг қызметі туралы заң күшіне енді, 2010 жылы Абу-Дабилік "Әл-Хилал" исламдық банкінің филиалы ашылды.