1995 жылдан бері Алматыда жалғызілікті балалы әйелдерге арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Сол кезден бері орталық мамандары үш мыңнан аса адамға көмектескен. Орталыққа коммуналдық қызмет ақысы мен жалақы төлеуге ай сайын екі мың доллар керек, мемлекет ақша бөлмейді, паналау орны волонтерлер жинаған қайырымдылық қаржысына жұмыс істейді.