Тұтқындардың жолданбай қалған хаттары, жұмыс қолғаптары мен тозығы жеткен қысқы аяқ киімдері, сынған гитара. Чехиялық энтузиастардың арқасында ГУЛАГ-тың қараусыз қалған 15 лагерінен табылған осындай заттарды енді онлайн-режимде көруге болады.
Владимир Путиннің жеке өмірі мемлекеттік құпия саналады. Оның үйленіп алуы, тіпті кішкентай балалары болуы да мүмкін. Бұрынғы әйелі тағы тұрмысқа шыққан сияқты. Кремль жұрт қиялына ерік беріп, бұл тақырыпқа қатысты ешқандай түсінік таратпай отыр.
Каримовтің қазасынан кейінгі бір жарым айда Өзбекстан тұрғындары «тыйым салынған» артистердің сахнаға қайта оралуы, азаматтықтан бас тарту мүмкіндігін беру, шағымдарды онлайн қабылдау мен Ташкент хайуанаттар бағына жираф әкелу сияқты біраз өзгерістерге куә болды.
Қырғызстанның Жалалабад облысы Сары Тал ауылы тұрғындары мен имам ауылдастары Қаныгүл Сатыбалдиеваның мәйітін жергілікті зиратқа жерлеуге рұқсат бермей қойған. Бұған марқұмның христиан дінін ұстануы түрткі болған.
Мәскеудегі қырғызстандық мигранттарға жасалатын зорлық-зомбылық оқиғаларының көбі тіркелмей қалады. Өйткені зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздардың көбі полицияға бармайды. Бірақ қыздарды зорлап, ұрып соғатындардың көбі - олардың өз отандастары.
Сәрсенбі күні Нидерланд прокуратурасы басқаратын халықаралық тергеу тобы 2014 жылы шілденің 17-сінде Донецк үстінде атып түсірілген Малайзия әуе желілеріне тиесілі Boeing ұшағы апатына қатысты тексерудің алғашқы қорытындыларын жариялады.
Bellingcat зерттеу тобы әлеуметтік желілерде жарияланған медальдардың фотосуреттері Украина шығысындағы соғысқа мыңдаған ресейлік солдат қатысқанын көрсететінін мәлімдеді.
Кезінде Александр Белов өзін қамау себебін түсіндіріп, «Навальныйдан кейін кезегімді күтіп жүргенмін. Әйтеуір Немцовтан кейінгі кезек емес қой, соған да тәуба» деген. Мәскеудің Мещан аудандық сотында орыс ұлтшылдары лидерінің сот процесі аяқталып келеді. Үкім тамыздың 24-і шығуы тиіс.
Тәжікстанның Әйелдер және отбасы істері комитеті дерегінше, Сирия мен Иракқа кеткен тәжік әйелдерінің 90 пайызы ері мен аға-бауырларының айтқанымен барған, қазір олардың көбі қиын жағдайда қалып, елге оралудың амалын таппай жүр.
Ресейдің жаңа торпедасын Ыстықкөлде сынақтан өткізуі Қырғызстан билігі үшін күтпеген жаңалық болған.
Eurovision-2016 байқауында украиналық әнші Жамала жеңді. Ән байқауының жеңімпазы жексенбіге қараған түні Стокгольмде анықталды. Букмекерлердің «ресейлік Сергей Лазарев жеңеді» деген болжамына қарамастан, Eurovision жүлдесін украиналық әнші Жамала алды. Ол Сталин тұсындағы Қырым татарларын депортациялау қасіретіне арналған «1944» әнін айтты.
«Халық жауының» немересі әрі жазушы Людмила Улицкая Рамзан Қадыров және Ресей билігінің қазіргі сипаты туралы ойларымен бөлісті.
Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына кіріп, кеден кедергілеріжойылды. Бірақ 2015 жылы бұл елдің Қазақстанмен арадағы тауар айналымы екі есе кеміген.
Түркия Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен қақтығыс аймағынан месхет түріктерін көшіріп әкете бастады.
Петербургтегі тұрмыстық техника шығаратын зауыттар Түркиядан келетін бөлшектер кеденде бөгелгелі тоқтай бастаған. Автомобиль зауыттары да өндірісті доғаруға шақ тұр.
Ресей армиясы ансамблінің гастрольмен Прагаға келуі Чехия қоғамында түрлі реакция тудырды.
Қазанның 13-і күні Нидерланд мамандары Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының 2014 жылы шілдеде Украинаның шығысында апатқа ұшырау себебіне қатысты түпкілікті ресми есебін жариялады.
Ресей сотында ісі тергеліп жатқан украиналық әскери қызметкер Надежда Савченко тұтқынға қалай түскенін баяндап берді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің үлкен ұлы Марат Бакиев Минск түбіндегі Раубичи деревнясында тұрады. Оның үйін Азаттықтың Беларусь қызметі тілшісі іздеп тапты.
Өзбек билігі жас жұбайлардың тойда вальс билеп, қонақтарға клип пен Love Story слайд-шоуын көрсетуге қарсы. Олар «бұл дәстүрге қайшы» дейді. Имамдар да оның «шариғатқа келмейтінін» уағыздауға көшті.
Тағы