Қырғызстанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы туралы спектакльдің премьерасы өтті. Авторлардың айтуынша, қойылымға Назарбаев пен қырғыз жігітінің достығы арқау болған.
Өскемен қаласында бұрынғы тұтқындарға арналған бейімдеу орталығының жағдайы шешілмей тұр. Табиғатты қорғау аймағында орналасқан орталық ғимараты сот шешімімен бұзылуы тиіс.
«Республика» газеті Қазақстан билігіне қарсы АҚШ сотына жүгінді. Британдық Compass Group компаниясы бұрынғы қызметкерінің Қазақстанға қатысты соты туралы да баспасөз хабарлап жатыр.
Freedom House ұйымы есебінде «әсіресе 2014 жылы Ресей демократияны мүлде әлсіретуге жол берді, Мәскеудің әрекеті көрші елдердің ішкі саяси процестеріне жағымсыз әсер етті» деп жазылған.
Тәжікстанда жыл сайын Рамазан айында тамақ өнімдерінің қымбаттауы дәстүрге айналған. Бірақ биыл Душанбедегі базардың бірінде тауар бағасын 20-30 пайызға дейін арзандады.
Facebook компаниясы әлеуметтік желіде тіркелген аккаунт иелерінің ғана емес, өзге қолданушылардың да интернеттегі «жүріс-тұрысын» бақылап отырады.
Пәтер алу құқығын қорғап, сотқа жүгінген запастағы ҰҚК полковнигі Андрей Коркиннің басындағы жағдай жалғыз емес. Мұндай істің көбі сотқа жетпейді. Белсенді «үйсіз офицерлер біріккені жөн» дейді.
Германияның бұрынғы басшылары Spiegel журналының «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбевтың мүддесін көздеп, лоббистерді жалдауға тырысқан» деген мәлімдемесін жоққа шығарады.
Астанадағы "Махаббат" тұрғын үй кешені белсенділері президенттік "Нұр Отан" партиясынан өздері тап болған әлеуметтік жанжалды шешуге көмектесетін қоғамдық кеңес құруды сұрайды.
Тәжікстан шекара әскері басшысы тәжік-ауған шекарасында мыңнан аса содырдың шоғырланып тұрғанын хабарлады. Солардың арасында»Ислам мемлекеті» террористік ұйымы мүшелері де бар екені айтылады.
Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымы мүшесі деген айыпталушының соты орыс тілінде қайта басталды. Сотталушы қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан.
ҰҚК-нің запастағы полковнигі Андрей Коркин басшылығы пәтер бөлуден бас тартқан ҰҚК-ге қарасты шекара қызметі академиясымен соттасып отыр. Әдетте мұндай даулар сотқа сирек жетеді.
Қырғызстанның бас прокуратурасының түсіндіруінше, елдің түстігіндегі 2010 жылғы кісі өлтіру, тонау сияқты ауыр қылмыстарға қатысушылардың кімдер екенін анықтау мүмкін емес.
Ұлыбритания баспасөзінің жазуынша, елдің салық төлеушілері Тони Блэрдің шығындарына аптасына 16 мың фунт стерлинг жұмсайды, ал оның ісі «мүдделер қайшылығымен» ұштасуы мүмкін.
Сарапшылар мен бизнес өкілдері «Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуде Қазақстанның экономикалық және ұлттық мүдделері қаншалықты ескерілгені белгісіз» дейді.
2010 жылдың маусымында Қырғызстанның түстігіндегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталып, елден қашып кеткен Қадыржан Батыров пен Иномжан Әбдірасуловтардың дүние-мүліктеріне қатысты дау әлі толастаған жоқ.
Киевтегі режиссер Сергей Маслобойщиков 10 жылда Майдан жайлы екі фильмді қалай түсіргенін әңгімелейді.
Чехословакиядағы 1968 жылғы оқиға жайлы жаңа ресейлік фильм «Кремль идеологиясын енгізіп, өзінің қитұрқы әрекеттері мен саясатын ақтау үшін тарихи фактілерді бұрмалап отыр» деген айыптауларға ұласты.