Accessibility links

Билік Балқаш түрмесіндегі бүлікшілер «жарылыс ұйымдастырды» дейді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Балқаш түрмесіне басып кірген «Арлан тобының» арнайы операциясы кезінде сотталғандар «оттек баллоны тәріздес зат» қолданып өздерін жарып жіберген. Қанша адамның қаза тапқаны әлі белгісіз.


Балқаш қаласындағы АК-159/21 колониясына «Арлан» арнайы полиция жасағының шабуылы аяқталды. Бұл туралы шілденің 11-і кешкі сағат алтыда өткен шұғыл брифинг кезінде хабарланды.

Бұдан бұрын хабарлағандай, шілденің 11-іне қараған түнгі бірде Қарағанды облысы бойынша АК-159/21 жалпы режимдегі түзету мекемесінде төтенше жағдай болды.

Осы түні бір топ жазасын өтеушілер ішкі әскер сақшысына қарулы шабуыл жасайды. Атыс басталып, қылмыстық-атқару жүйесінің екі қызметкері мен ішкі әскер бақылауының сақшысына оқ тиеді. Бұдан бөлек екі қызметкер пышақпен жараланады.
16 адамнан құрылған «қылмыстық топ» мекеменің өндірістік аймағына жасырынады. Ресми ақпарат бойынша олар осы жерде өздері бой тасалаған ғимаратты жарып жібереді.

- Дер кезінде көрсетілген медициналық жәрдемге қарамастан мекеменің бақылау қызметінің сержанты 1988 жылы туылған Жансерік Қуанышбекұлы Қашымбеков жаралану салдарынан қайтыс болды, - деді Талғат Ахметов.

Министрлік өкілінің айтуынша түрмеден қашып шықпақ болған сотталғандардың әрекетін қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі әскер қызметкерлері болдырмай тастаған.

Шілденің 11-і түс ауа басталған «Арлан» арнайы жасағының шабуылы кезінде бүлікшілерден қашып тігін цехына тығылып отырған екінші ауысымда жұмыс істеген өзге 8 сотталушы босатылады. Ал соңына дейін қарсыласқан. 16 адамнан құрылған «қылмыстық топ» мекеменің өндірістік аймағына жасырынады. Ресми ақпарат бойынша олар осы жерде өздері бой тасалаған ғимаратты жарып жібереді.

- Өндірістік аймақ ғимаратының біріне арнайы бөлімшелер қызметкерлері жақындаған кезде қастандық ойлаушылар өздеріне оттек баллоны тәріздес затпен жарылыс ұйымдастырған, - деді брифингте қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ахметов.
Үйінділер астынан қылмыстық топ мүшелері іздестіріліп жатыр.

Оның сөзінше, қазіргі кезде «үйінділер астынан қылмыстық топ мүшелері іздестіріліп жатыр». Жарылыс кезінде қаза тапқан, не болмаса жараланған азаматтар жайлы әлі ақпарат жоқ.

- Тиісті сотталғандар мекемеде әртүрлі ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ( түрлі мерзімге жазаланған тонау, ұрлық, кісі өлтіру, зорлау - 3жылдан 11 жылға дейін) ұсталған, - деді брифингте қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ахметов.

Оның сөзінше, қазір колонияда жағдай қалыпты.
XS
SM
MD
LG