Астана қалалық әкімшілік соты азаматтық белсенді, "Антигептил" қозғалысының өкілі Мақсат Ілиясұлын "заңсыз акция өткізді" деп айыптап, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, 1 айлық есептік көрсеткіш – 1852 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Мақсат Ілиясұлы судья Бауыржан Ахметқалиевтің бұл үкімімен келіспей, апелляцияға бермек.
Белсенді қаңтардың 13-і күні Байқоңырдан "Протон" зымыран тасығышының ұшырылуына, зымырандардың гептил отынын пайдаланылуына наразылық білдіріп, "Қазғарыш" агенттігінің алдында наразылық акциясын өткізген.
Ілиясұлы қолына "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың гептилдің зиян екендігі туралы бір сұхбатта айтқан сөзі жазылған плакат ұстап шыққан. Оның айтуынша, "конституцияға сай, мемлекет қоршаған ортаны азаматтардың өмір сүруіне лайықты сақтауға және адамдардың денсаулығын қорғауға міндетті".
Акция басталғанда Мақсат Ілиясұлына прокуратура өкілі ескерту жасаған. Бірақ ол наразылығын тоқтатпаған соң, полиция белсендіні ұстап, Есіл аудандық ішкі істер басқармасына әкеткен.
2013 жылғышілденің 2-сі күні Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді.
2013 жылы қарашаның 22-сі күні Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Байқоңырда шілдеде болған апаттан экологияға 89 миллион АҚШ доллары (13 миллиард 690 миллион 747 мың 305 теңге) көлемінде зардап келгені туралы Ресейге хабарлаған.
"Роскосмос" баспасөз қызметі "Ресей Қазақстан ұсынған есептің қаншалықты растығын анықтап, тек нақты дәлелденген экологиялық залал үшін ғана өтемақы төлейтінін" хабарлаған.
Желтоқсанның 12-сі күні Қазақстандағы түрлі қоғамдық қарсылық шараларына қарамастан Ресей Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын қайта ұшырған еді.
"Қазғарыш" ұлттық агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев өткен аптада ресейлік басылымға берген сұхбатында Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағынан кеткенін қаламайтынын айтқан.
Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап жалдап, жылына 115 миллион доллар төлеп, 2050 жылға дейін пайдалануға рұқсат алған.