Бұл оқиғаға себеп, базарға аяқ астынан ат басын тіреген «екеу» болды. Сәрсенбі күні теңгенің бір-ақ күнде девальвацияға түскеніне дүрліккен халықты басу үшін, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов сауда орталығы, базарлардағы бағаны өз көздерімен көру үшін аралаған еді.
Премьер-министр мен қала әкімі «Артем» базарына барғанда, алдарына келіп тұрған әкімге сатушы Танаш Бегімова базардың ақпан айынан бастап тәулік бойына жұмыс істеуге көшкенін айтып, наразылығын білдіреді.
«Түнде базарға сауда жасауға ешкім келмейді. Оның үстіне сауда жасайтындардың үйінде бала-шағалары бар, қиын болып тұр» деп айттым",- дейді сатушы әйел.
Алайда, оған әкім «жекімей сөйле» деп ұрсып «бұл базар мемлекеттікі емес, жекеменшік, оны базар басшылығына айтыңдар», - депті.
- Осы оқиғадан кейін базар әкімшілігі шақырып алып, маған «сауда жасайтын орныңды босат» деді. Олар «бұл тікелей Тасмағамбетовтің тапсырмасы, мына әйелді алып тастаңдар» деп айтты дейді. Бұл жер жеміс-жидек сататын орын. Мен алма сатамын. Сатып алушылар алманы аптасына бір-ақ рет алады. Бірінші ақпаннан бастап, түнімен базарды күзетіп отырамыз. Білесіз бе, түнгі оннан кейін бірде-бір адам базарға бас сұқпайды, - дейді Танаш Бегімова.
Ал «Артем» базарының әкімшілік қадағалаушысы Наталья Бериханова барлық кінә Бегімованың өзінде екенін айтады. «Ол арызқой, басқа сатушылармен күнде ұрысады. Бізге қарсы сатушылардың қолын жинады. Егер түнде жұмыс істегісі келмесе, қалада басқа да базарлар көп, соған барсын», - дейді базар басшысы.
Онда неге әкім келмей тұрып жұмыстан шығармадыңдар деген сұраққа Наталья Бериханова «әкім мына әйелді біржақты қылыңдар деп айтты» дейді.
Ал әкімге сұрақ қоямын деп, тауып отырған табысынан айрылып қалған Танаш Бегімова құлдың өзіне де тәулік бойы жұмыс істетпейтін шығар деген ойын білдіреді.
«Тәуелсіздігімізді алған мемлекетпіз. Демократиялық елде өмір сүріп отырмыз. Біз сонда өз пікірімізді білдірмей, құл сияқты өмір сүруіміз керек пе? Құлдардың өздері де кезінде көтеріліске шыққан», - дейді сатушы Танаш.
Жоғарыдағы уақиғадан құлағдар болған Астана тұрғыны Арыстан ақсақал басын шайқап, Азаттық радиосына былайша пікірін білдірді:
- Кезінде қазақ елі хандық дәуірде де хан-сұлтандарына тіке сөйлеген. «Дат, тақсыр» деген қазақ баласына ханның өзі қарсы келмей, уәжін тыңдаған. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек» жоқ деген. Қазіргі әкім-қаралар халық сөзін көтере алмаса, олар қалай ел басқарып отыр. Біз сөз бостандығына қалай қол жеткіземіз?, - деп налиды.