Accessibility links

Қытай экономикасының шатқаяқтауы


Ақша көтеріп келе жатқан қытай банкінің қызметкері. (Көрнекі сурет)
Ақша көтеріп келе жатқан қытай банкінің қызметкері. (Көрнекі сурет)

Батыс баспасөзінде Қытай экономикасы өсімінің баяулауына қатысты алаңдаушылық күшейіп, ел билігінің тиісті реформалар жүргізу қабілетіне қатысты күмән келтірген болжамдар басым.

Ұлыбританияның Economist журналы Қытай экономикасындағы ахуалды «Қытайдағы үлкен құлдырау» ретінде сипаттаған. Газет авторлары Қытай экономикасына қатысты қорқыныш дақпырт болуы мүмкін, бірақ инвесторлардың абыржуы орынды деп жазады.

Economist басылымы Қытай биржасындағы бағаныңкүрт құбылуына қатысты реакцияны «Қытай биржасындағы 2007 жылдан бергі ең үлкен құлдыраудан кейін жүрек тағы сыр бере бастады, ал Қытай баспасөзі тамыздың 24-ін «қаралы дүйсенбі» деп атаған. Дамушы елдердің рандадан (Оңтүстік Африка валютасы) бастап Малайзия ринггитіне дейінгі валюталары әп-сәтте құлдырап шыға келді. Шикізат бағасы 1999 жылдан бері болмаған деңгейге арзандады. Бұл батыс нарығына да әсер етті. Немістің DAX индексі өзінің төменгі шегінен 20 пайыздан аса құлдырады. Америка биржалары да құбыла бастады» деп сипаттайды.

Қазір Қытай экономикасындағы үлкен қиындықтардың басталуы; дағдарыс ауқымы кеңейсе, дамушы елдер нарығы төтеп бере алмайтын осалдығы; бай елдердің экономикасының қарқынды дамуының аяқталуы сияқты үш түрлі қатер байқалады.

Ел экономикасы өсімінің баяулауына қарамастан, Economist журналы Қытайды дағдарыс жағдайында тұр деп санамайды. «Қытай экономикасы үшін қор нарығынан гөрі мүлік нарығы маңыздырақ. Жалпы ішкі өнімінің төрттен бір бөлігін мүлік құрайды және оның құны банк жүйесіне әсер етіп отырады. Соңғы айларда баға мен транзакция сауығып келеді. Қытайдың келешегі экспортерлер емес, сатып алушылардың қолында» деп жазады басылым.

Бірақ елдің командалық экономикадан нарықтық экономикаға эволюция жолымен көшу қабілетіне қатысты күмән бұрынғыдан гөрі күшейді. Мақала авторлары Қытайдың қор биржасындағы бағаны ұстау саясатын сынап, экономиканы реформалау жөніндегі жоспарлар биліктің нарықты еркін реттеуге мүмкіндік бермеген қорқынышының құрбанына айналады деген қауіптер айтылады.

Қытайдың Вухан қаласындағы базарда жеміс қаптары үстінде ұйықтап жатқан саудагер. (Көрнекі сурет)
Қытайдың Вухан қаласындағы базарда жеміс қаптары үстінде ұйықтап жатқан саудагер. (Көрнекі сурет)

Economist мақаласында «Партия мемлекеттік кәсіпорындарды тиімдірек жасағысы келгенімен, толық бәсекелестікке душар еткісі келмейді. Ол юаньға көбірек еркіндік бергісі келгенімен, әлсіз валюта капиталдың елден кетуіне ұласады деп қорқады. Ол жергілікті билікті тәртіпке шақырғанымен, өсім қажеттігін уәж етіп, оларға несие береді» деп жазылған.

Ол заман мен қазіргі жағдайды салыстырған мақала авторларының жазуынша, Қытайға қатысты қатерлі тағы бір қауіп – дамушы елде нарығы 1997-1998 жылдардағы Азиядағы қаржы дағдарысын қайталауы мүмкін деген болжам да күшейте түскен. Ол кезде дағдарыстан маңызды сабақ алған елдер қазір онша әлсіз емес, валюталардың көбі бұрынғыдай бақыланбай, еркін реттеледі, Азияның көп елдерінің қолында қомақты валюта қоры мен ағымдық есеп-шоттары профициті бар, ал банк жүйесі шетел кредиторларына бұрынғыға қарағанда онша тәуелді емес.

Қытай экономикасындағы жағдайды Австралияның Courier газеті де талдаған. Мақалада «қазір көпшілік бұрын қарқынмен дамып, Австралия сияқты елдердің экономикасына көмектескен Қытай экономикасы қазір болжанғаннан гөрі тым қатты баяулаған, ал бұл дүниежүзілік өсімге қауіпті. Қытай билігі мүдіре жолдаған белгілер Қытайдың сенімді экономикалық басқарушы ретіндегі беделіне нұқсан келтіріп, сенімсіздік тудырады» деп жазылған.

Ал Courier газеті Қытай басшыларының беделіне көбінесе қарапайым азаматтарын мемлекеттік БАҚ арқылы акция саудасының қысқа мерзімді инвестиция салуға итермелеген науқанның кесірі тиді деген пікір жазған. Науқан нәтижесіз аяқталған кезде билік еркін экономикалық реттеуге көшу уәдесінен айнып, биржадағы бағаны ұстау үшін мемлекет қолдайтын China Securities Finance компаниясы акцияларын сатып алу жөніндегі агенттікке 400 миллиард доллар аударған. Ақыры бұл саясаты іске аспай, төрт күннің ішінде акциялар бағасы 22 пайыздан көп құлдырап кетті, бірақ билік бұған «араласпай, шет қалуды» жөн көрді.

Қытайдағы жағдай «ел экономикасын бұдан тұрақтылау жағдайға көшірудің қажеттігін» көрсетті. Егер жалпы ішкі өнім деңгейінің өсімі жолдар мен аспанмен тірескен ғимараттар, әуежайлар салуға азырақ үміт артып, ішкі тұтыну деңгейіне көбірек тәуелді болса, көбейіп келе жатқан орта тап өкілдері көлік, ноутбук, смартфондарды көбірек сатып алып, тамақ, саяхат, ойын-сауыққа көбірек ақша жұмсаса, бұған қол жеткізуге болады.

XS
SM
MD
LG