Ресейдің солтүстігінде қайта өршіген Covid-19 індеті жұртқа көктемдегі алғашқы толқыннан да ауыр тиді. Тұрғындар жедел жәрдем қызметін ұзақ күтіп, компьютерлік томографияға түсу үшін сағаттап кезекте тұратынын, ауруханада науқастар дәлізде жатқанын, ал биліктің шынайы жағдайды жасыратынын айтады.
Жетпіс бес жыл бұрын, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Совет одағы Германияның Кёнигсберг қаласы мен Шығыс Пруссияның көп бөлігін өзіне қосып алды. Азаттық соғыстан қираған қалаға алғаш болып қоныстанған орыс тұрғындардың кейбірімен сөйлесті.
Ресейдің Екатеринбург қаласында кемі екі әйел мәжбүрлі түрде стерилденгенін мәлімдеді. Қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік пансионатта тұратын бұл екі әйел отаның дәрігердің қысым көрсетуінен кейін жасалғанын айтады.
Даулы президент сайлауынан соң Беларусьтегі мәдениет қайраткерлерінің бір тобы оппозиция жағына шыққан. Енді Лукашенконың көтерілісті басып тастағанын, оның қайта сайлау өткізуден бас тартқанын сынаған бұл қозғалысқа спортшылар, осы саладағы әйгілі тұлғалар қосылды.
Ресей президенті Путиннің Хабаровск өлкесін уақытша басқаруға Мәскеуден адам жіберуі онсыз да наразылық күшейіп тұрған аймақтағы отқа май құйғандай болды.
Қырым татарлары белсенділері Ресей 2014 жылы түбекті аннексиялағалы бері Қырымға бір миллион адам қоныстандырған деп мәлімдейді. Сарапшылар мұның қаншалық нақты екеніне көз жеткізу қиын, әйткенмен Мәскеудің даулы аймақтың демографиясын әдейі өзгертіп жатқаны анық дейді.
АҚШ-тың халықаралық істерде "теңдессіз күш" саналған дәурені өтіп барады. Геосаяси ландшафт барған сайын өзгеріп келеді. Трамп әкімшілігі қатерлі өтпелі кезеңде жол таба ала ма?
Ресей билігі сталиндік террордың сұмдықтарын әшкерелеген тарихшы Юрий Дмитриевке "балалар порнографиясымен айналысты" деген айып тақты. Достары мен әріптестері "оның үнін өшіргісі келген биліктің ойлап тапқан амалы" дейді.
Ресейдің қиыр солтүстігінде орналасқан Воркутада кеніштегі метан жарылысы салдарынан 36 адам қаза тапты.
Грекияда сайлауда жеңіске жеткен СИРИЗА партиясы басшылығымен Ресейдегі еуразияшылдық қозғалыс идеологы тығыз байланысты болып шықты.
Ресейде президент әкімшілігінің бұрынғы кәсіподақ төрайымы билікте сыбайлас жемқорлық бар екенін әшкерелеген соң бірнеше апта бойы психиатриялық емханада жатып шықты.
Шығыс және Оңтүстік Азия елдері ұлдар мен қыздар санын теңестіру үшін күресіп келеді. Бұл елдердің кейбірінде 100 қызға шаққанда 130-140 ер бала туады.
2009 жылы ресейлік заңгер Сергей Магнитский «бюджеттен 230 миллион доллар ұрланды» деп мәлімдеді. Өзі осы қаржыны тексеру кезінде Мәскеу түрмесіне қамалып, сол жылы опат болды. Оның қазасынан бері Ресей ақшаны қайтаруға әрекет жасамады.
Австралиялық жазушы һәм оқытушы Брони Уейр сегіз жыл өмірін хал үстінде жатқан қатты науқас адамдарды күтуге арнаған. Сиднейде тұратын белгілі блогер өзі байқаған жайттарды кітап етіп жариялады.
Халықаралық ұйым Әзербайжан президентіне «Жыл жемқоры» атағын берген соң, оларға электрондық хаттар жаңбырша жауған. Сарапшылар мұны «Әзербайжан билігінің жаңа тәсілі» дейді.
Дубайда ұсталып, түрмеге қамалған кәсіпкер интернетке аудиожазба салып, оны «Рахмонның күйеу баласымен телефон арқылы сөйлескенім» деп мәлімдеді.
Башқұртстанда студенттер башқұрт тілі мен мәдениетінің шектеліп жатқанына наразылық ретінде аштық акцияларын бастап, шеру өткізетіндіктерін жариялады.
Тағы