Ресейде 19 жастағы қазақстандық Тұран Устюговтің соты басталмақ. Ол Ресей аннексиялап алған Қырымда былтыр күзде ұсталған. Ресейдің арнаулы қызметі ол Украинаға барып, Ресейге қарсы соғыспақшы болды деп есептейді. Анасы түрмеге қамалу қаупі төнген ұлына араша іздеп, шыр-пыр болып жүр.
Қазақстанда халық Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын тойлап жатыр. Ұлттық ойын-сауық түрлерінен жарыс өтті, танымал әртістер ән айтты. 21 наурыз күні Азаттық тілшілері Түркістан, Астана және Алматы қалаларындағы мерекелік іс-шаралардың қалай өтіп жатқанына куә болды.
30 жастағы Жалал Шерзад Мазари-Шарифте жыл сайын өтетін парсы жаңа жылы – Наурыз мерекесін тамашалап өскен. Бірнеше күнге ұласатын халықтық тойға адамдар бүкіл Ауғанстаннан келетін.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен жұрт көзінше керісіп қалған соң, Тайвань Вашингтонмен қарым-қатынасын басқаша жүргізуге көшті.
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, соғыстағы ахуалды талқылады. Украина Ресейдің мұнай базасы мен әскери аэродромына дрондармен жаппай шабуылдады. Ресейдің Украинаға шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты. Соғыстағы ахуал. 19-20 наурыз.
2019 жылғы 19 наурызда сағат 19.00-де Совет одағынан бері елді 30 жылдай үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін мәлімдеген. Ертесінде оның орнына сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, президент қызметіне кірісті. Алты жылда елде не өзгерді?
Астана қаласының іргесіндегі Қоянды ауылында бірнеше үйдің ауласы мен ішіне су кірді. Халық қыс бойғы қар жөнді шығарылмағанын айтады. Ауыл әкімі “қар қаңтардан бері елді мекен сыртына тасылып жатыр” дейді. Қоянды ауылы Ақмола облысы Целиноград ауданына қарайды. Мұнда 25 мыңнан астам адам тұрады.
Азат Еуропа/Азаттық радиосына жетекшілік ететін АҚШ Ғаламдық медиа агенттігі корпорацияға бөлінген Конгресс грантын тоқтатынын мәлімдеген соң, қазақ қоғамында баспасөз құралының болашағы жайлы талқы көбейді. Сүйіншілеткендер де, оларға келіспей, радиоға қолдау білдіргендер де бар. Олар не деді?
Алматы тұрғыны тергеу изоляторының қызметкерінен харассмент көргенін айтып шағымданды. Келіншек "мекеме қызметкері күйеуімнің қамауда екенін біле тұра, нөмірімді сұрап, қырындады, намысыма тиді" дейді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "тексеріс жүрді, факт расталмады" деп жауап берді.
Ашғабатта жұмыс істейтін әйелдер үшін тағы бір ереже енгізілді. Бұл олардың киім таңдау еркіндігін одан әрі шектеп, Түркіменстандағы "эстетика" талаптарының тізімін кеңейтті.
Шымкенттегі "Көмек" әлеуметтік орталығы 2017 жылдан бері жүздеген адамға уақытша пана болып, мыңдаған адамға құқықтық, психологиялық көмек көрсетті. Мамандар кейінгі жылдары қоғамда әйелдер мәселесін жасырмай айтуға, проблемамен күресуге бейімделе бастады дейді.
Тағы